Кафедра 1996 жылы әлеуметтік ғылымдар кафедрасының негізінде құрылды. 2003 жылы кафедра «Ежелгі және ортағасырлық тарих» кафедрасы болып аталды. 2004 жылдың сәуір айында университеттің қайта құрылуына байланысты кафедра «Отан тарихы» кафедрасы болып аталды. «Тарих, археология және этнология» кафедрасы 2008 жылдың 1 шілдесінде ректордың бұйрығына сәйкес ғылыми-педагогикалық әлеуетті ұтымды пайдалануға байланысты құрылды.
С. Торайғыров ат. ПМУ Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде (Хаттама № 29 тамыз, 2013 ж.) Университеттің ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру мақсатында «Тарих» кафедрасы «Қазақстан тарихы» кафедрасы болып өзгертілді.
Кафедраның қызметі деректану теориясы мен әдістемесінің негіздерін, Қазақстан тарихының деректерін, халықтар мәдениетін зерттеудегі біртұтас тұжырымдамалық көзқарастарды, алғашқы қоғам тарихы, археология, этнология, ежелгі дүние тарихы, орта ғасырлар тарихы, Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихын білетін мамандар даярлауға бағытталған. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы, шет мемлекеттердің жаңа және қазіргі заман тарихы, тарихнама, қазіргі елдер мен халықтардың тарихы; дүниетанымдық табиғатты жүйелі білу; археологиялық және этнографиялық экспедициялардағы практикалық дағдылар, тарих сабақтарын өткізу әдістемесі, тарих кабинеттерін құру бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмыстар және т.б.
Кафедраның мүшелері республиканың басқа да жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста, олардың ішінде Әл-Фараби Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті, Р.Б. Сүлейменова атындағы Шығыстану институты, Қыпшақтану институты, ҚР ҰҒА-ның Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Марғұлан атындағы Археология институты, Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті.
Кафедрада оқыған мамандар орта жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында жұмыс істеуде.
Оқу үрдісін ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметте бай тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар жүргізеді. Олардың ішінде 3 профессор, 2 ғылым докторлары, 7 ғылым кандидаттары, 4 PhD докторлары.
Тел: 673685 (іш. 1326)