Оқу-әдістемелік жұмыстар

Кафедраның оқытушылар ұжымымен кафедра бекіткен бакалавриат және магистратура мамандықтары бойынша оқу үрдісін ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етумен бағытында үлкен оқу - әдістемелік жұмыстар жүргізіліп келеді. Кафедрада екі әдістемелік семинар жұмыс істейді: оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік. Семинар отырысында ғылыми және оқу – әдістемелік сипаттағы өзекті сұрақтар қарастырылады. Кафедра оқытушыларымен ОӘӘ басып шығару жоспары және кафедрада орындалатын инициативті ғылыми жұмыстардың қорытындысына сәйкес жыл сайын республикалық, халықаралық конференциялардың жинақтарында, Республикалық және шетел ғылыми журналдарында 20-дан аса ғылыми мақалалар жарияланады. ОӘӘ жоспарына сәйкес орта есеппен кафедраның мұғалімдер ұжымы 8 оқу құралын дайындайды. Мысалы 2013 жылда кафедра ұжымының 30 мақаласы жарық көрді, оның ішінде ККСОН журналдарында 5, шетел – 9, Қазақстан ғылыми журналдарында – 6, қалғандары конференциялардың жинақтарында.