"Сұңқар" спорт клубы Жастар Қоғамдық Бірлестігі қысқартылған атауы: ЖҚБ «Сұңқар спорт клубы»

Жетекшісі: Аблеев Жаудат Шәмілұлы – «Сұнқар» спорттық клубының төрағасы

 

МАҚСАТТАРЫ

1. Қолда бар спорттық құрылымдарды жаңғырту және қайта құру,дене шынықтыру-сауықтыру обьектілерін типтік жобалар бойынша құрылысын салу, қол жетімді спорттық құрал-жабдықтар мен жолымен С.Торайғыров атындағы ПМУ-де спорттық-сауықтыру инфрақұрылымдарын дамыту;

2. Университет спорттың бұқаралық түрімен шұғылданатындардын санын арттыруға бағытталған спорттың-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмастарын күнделікті дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарында оларды жарыстарға қатыстыру жолымен студенттер мен университеттің профессорлара мен мұғалімдер ПМҚ құрамын атап өту;

3. Республикалық және халықаралық аренада С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің спортшылары мен жатықтырушыларының спотр түрлері бойынша өзара жарыстарын көтеру, тиімді спорттық технологиялар енгізу жолымен іс- шараларды жүзеге асыру,медициналық және материалды-техникалық жүйерерді жаңғырту жүйесін қамтамасыз ету, дарынды спортышыларды іріктеу жүйесін жетілдіру, университет негізінде спортсмендердің шеберлігін көтеруге ықпал ететін оларды жоғарғы спорттық нәтижелерге жету және сапалы дайындау спорттық іс-шараларды жеткізу.

МІНДЕТТЕР

- дене шынықтыруды қажетті деңгейде дамытуға жетуді қамтамасыз кту,жеке бастың, оның денсаулығын нығайту, кәсіби іс-қимылдарға дайындығын жетілдіру;

- дене шынықтыру спорттықіс-қимылдарды бірге жүргізу үшін жастарды және ұжымдарды, клубтарды, ұйымдарды біріктіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- дене шынықтыру спорттық іс-қимылдар процесінде студенттің жеке-кәсіби даму моделін, шығармашылық қабілетін бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ету, өзін-өзі тану, өзінің щегін бекіту, өзін дамыту, жеке басының қабілетін дамытуды қамтамасыз ету;

- дене шынықтыру мәдениеті мен спорт саласында студенттердің талпынысын кеңейту, дене шынықтыру-спорттық іс-қимылдарда білімдерін пайдалануды жеделдету және осы іс-қимылдарды кәсіби өлшемдерге жатқызу;

- спорттық құрылымдар мен спотрттық құрал-жабдықтарды жаңғыртумен айналысатындарды халықаралық сатндарттарға сәйкес қамтамасыз ету;

- профессорлар мен студенттердің бұқаралық спорт түрлерімен шұғылданатындарды 20%-ге дейін ,айына 500студенттен кем емес санына үнемі ұлғайту;

- ҚР-ның ұлттық құрамасына резервтерді Ж.О.О-да жоғары санаттағы спортшыларды дайындауға мүмкіндік жасау.

ІС-ҚИМЫЛДАР

«Сұңқар» спорттық клубы коммерциялық ұйым емес болып саналады, С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің студенттері мен мұғалімдерінің қалауымен құрылған. 2003 ж. студенттер спортты жетілдіруге, денсаулықтарын нығайтуға бұқаралық және дене шынықтыру спорттық іс-шараларды ұйымдастыру үшін бағытталған. Клубта 19 жаттықтырушы 15 спорт түрінен жұмыс істейді, 2000 аса студенттері қамти отырып, 80 спорттық-бұқаралық іс-шараларды жүргізуде профессорлық мұғалімдер құрамындағы ардагерлерге аса көңіл бөлінеді. Қызығушылықтарына сәйкес секциялар мен университеттің есебінен жұмыс істейді.

Университет ректоры бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес спорт клубы студенттер мен оқытушылар арасында 70-тен астам іс-шаралар өткізеді және 50-ге жуық іс-шаралар қаланың, Республиканың және атақты адамдардың университеттің дөңгелек, мерекелік күндеріне арналған.

Жыл сайын университет жоғары оқу орындары арасында спорттың 11 түрі бойынша қалалық спартакиадаға қатысады. Университет құрама командалары жыл сайын қыста және жазда Қазақстан жоғары оқу орындары арасындағы студенттік Универсиадаға қатысады.

Павлодар қаласында өткен VII қысқы Универсиадада спорттың ІІ түрі бойынша жалпы командалық есепте С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің командасы жеңімпаз атанды. С. Торайғыров Қазақстанның 40-тан астам жоғары оқу орындарының арасында 4 жалпыкомандалық орынға ие болды. Университеттің құрама командалары баскетболдан ұлттық студенттік лигаға (ерлер, әйелдер) және футболдан Ұлттық студенттік лигаға қатысады.

"Сұңқар" спорт клубы профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында үлкен жұмыс атқаруда. Олар үшін 6 секция жұмыс істейді және үнемі жарыстар өткізіледі.

Денсаулық – зор байлык 8 спорт түрінен 11 команданың қатысуымен футболдан Ректор Кубогы . Волейболдан және үстел теннисінен Ректор Қубогы.

Студенттер мен спорт ардагерлері қатысады, қалалық жарыстарда: дуатлон, жеңіл атлетикалық кроссы, эстафета, шаңғы жарысы. Университет оқытушылары мен қызметкерлері Білім және ғылым қызметкерлері арасында облыстық кәсіподақ жарыстарына қатысады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Павлодар мемлекеттік университетінде жыл сайын 7 сынақ түрі бойынша президенттік тесттер қабылданады. Барлық спорттық-бұқаралық іс-шаралар университеттің спорт алаңдарында және спорт базаларында өткізіледі, онда спорт ядросы бар: футбол алаңы, 400 метрден 4 жүгіру жолы, баскетбол, волейбол, граната лақтыру, ядро итеру секторлары бар.

Студенттердің өмірінде дене шынықтыру деңгейі өте манызды рөл атқарады,себебі бұл ЖОО бағдарламасын жетік білуге ғана айтарлықтай әсер етпейді,белгілі бір дәрежеде болашақта қоғамның дене шынықтыруға деген қатынасын,адамзаттың салауатты өмір салтын таңдауын айқындайды,себебі тәрбиелеудің мазмұны мен прогрессивтілігі,физикалық қажеттілігін жетілдіру мен салауатты өмір салтының ұстанылуы осы зиялы қауымға,мамандар мен жетекшілерге тікелей байланысты. Білім беру жүйесін реформалау жағдайымен,қоршаған ортада өмір сүру проблемасы туындайды.Соған орай "Қазақстан-2030" ұлттық стратегиясын тиімді іске асыра алатын,саналы түрде салауатты өмір салтын ұстанатын,дені сау,төзімді жас маман тәрбиелеу өзекті міндетке айналып отыр. Өз қатарына студенттер мен оқытушылар,университет қызметкерлері біріктірген С.Торайғыров атындағы ПМУ-да спорт клубы ашылды.Жыл сайын университет ректорының қаулысымен спорттық іс-шаралар жоспары бекітіледі. Бұл жоспарда әр түрлі спорт түрлерінен өтетін спартакиаданың өту мерзімі мен ережесі,ұлттық спорт және дене шынықтыру,сауықтыру іс-шараларын арнаулы күндері өткізу қарастырылған:

- студенттердің өзін-өзі басқару күні;

- "Ертіс жұлдыздары" халықаралық фестивалі;

- маңызды күндері.

Дене шынықтыру іс-шаралары студенттер арасында күнтізбелік жоспарға сай жүргізіледі, университетте дамытылатын спорт түрлері көрсетілген, барлығы 65 + 40-таң асады іс-шаралар. Спорттық секцияларда 15 спорт түрінен 391 + 270 студенттер айналысады.

2017-2018 оқу жылы Президенттік тесті 1 606 адам шұғылданады,сауықтыру және дене шынықтыру іс-шаралары 4018 студентті қамтиды.

Ұлттық спорт түрлерінен оқу-жаттығу сабақтары мен жарыстарды насихаттау бойынша жұмыс жандандырылды. Қазіргі таңда Тоғызқұмалақ және қазақша күрес секциялар жұмыс жасайды:

Осы уақытқа дейін университет қабырғасында 3 Халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 1 ФИДЕ Халықаралық шебері, 10 спорт шебері, 25 спорт шеберіне үміткер білім алды.

ҚР VII қысқы Универсиадасына ПМУ-нің командасының IV жалпыкомандалық орын жүлделі.

ҚР ұлттық құрама командаларының студенттерінің оқу процесіне байланысты тиісті көңіл бөледі: жеке оқу жоспары бойынша оқу, С.Торайғыров атындағы ПМУ гранттарының бөлінуі, оқуға ақы төлеуге арналған жеңілдіктер. Университет өзінің студенттерінің спорттық жетістіктерін мақтан тұтады. Олар қала, облыс және еліміздің ұлттық құрама командаларының мүшелері болып табылады. Жоғары деңгейдегі жарыстарда біздің университеттің мүддесін қорғайды.

Халықаралық және республикалық деңгейде қатысатын спортшыларды дайындаған дене тәрбиесі кафедрасының жаттықтырушы-оқытушылар құрамы,университет командасымен жұмыс жасайтын «"Сұңқар" спорт клубының» жетекші жаттықтырушылары.

Роева Н.М. – президенттік көпсайыстан, полиатлоннан, шаңғы жарысынан спорт шебері, шаңғы жарысы мен полиатлоннан ардагерлер арасында болған ҚР Чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, полиатлоннан ардагерлер арасында Әлем Кубогының иегері. С.Торайғыров атындағы ПМУ-да президенттік көпсайыстан жаттықтырушы.

Фербер Е.А. – волейболдан ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы, волейболдан жоғары ұлттық санаттағы төреші, С.Торайғыров атындағы ПМУ-да волейболдан жаттықтырушы.

Мухажанов А.А. – бокстан ҚСРО-ның спорт шебері, бокстан ПМУ ерлер командасының жаттықтырушысы.

Сагиев Д.Е. – спорт шеберіне үміткер, бокстан ПМУ ерлер командасының жаттықтырушысы.

Тейхриб В.Е. – шахматтан жаттықтырушы.

Степанова Н.М. – ерлер баскетболынан жаттықтырушы.

Постовая К.Н. – айелдер баскетболынан жаттықтырушы.

Нурланов Ж.Н. – ерлер волейболынан жаттықтырушы.

Козлова О.С. – айелдер волейболынан жаттықтырушы.

Каракулова М. – тоғызқұмалақтан жаттықтырушы,тоғызқұмалақтан спорт шебері.

Калябин Н.В. – футболдан жаттықтырушы.

Кожагельдинов М.К. – жеңіл атлетикадан жаттықтырушы, республикалық санаттағы төреші.

Абылкадыров З.Г. – джиу-джитсудан жаттықтырушы.

Темиргалиев С.Т. – бадминтоннан және устел тенисінен жаттықтырушы.

Етекбаев А.К. – грек-рим күресінен Ресей спорт шебері, атлетикалық гимнастикадан жаттықтырушы.

Турдиев Е.Т. – қазақша күрестен жаттықтырушы.

Кайрамбеков М.З. – қазақша күрестен жаттықтырушы.

Машрапов А. – регби жаттықтырушы.

Университеттегі спорт жетістіктерінің тарихы

1960ж.- Павлодар индустриялық институтында Л.Утяшев еркін күрес пен грек-рим күресінің негізін қалады.

1970ж. - ПИИ командасы Бүкілқазақстандық студенттер ойындарында жеңіл атлетикадан 4 орынға ие болды.

1971ж. - Земцов А-жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы; Шадрин Ю- жеңіл атлетикадан спорт шеберінің кандидаты.

1973ж. - әйелдер баскетбол командасы Қазақстан чемпионатында алғашқы төрттікке енді.

1975ж. - XIV Бүкілқазақстандық спартакиадада әйелдер баскетбол командасы 4 орынға ие болды.

1977ж. - әйелдер баскетбол командасы-Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері.

1978ж. - айелдер волейбол командасы-Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері.

1982ж. - әйелдер баскетбол командасы-жоғары оқу орындарының командалары арасынан көшбасшы.

1984ж. - Кругляков В., Кенжегалиев Н.,- ҚСРО СШ, еркін күрестен ҚазССР чемпиондары, ҚСРО универсиадасының жеңімпаздары.

1990ж. - Кенжегалиев Ж. - ҚСРО СШ, Қазақстан чемпионы.

1996ж. - еркін күрестен С.Торайғыров атындағы ПМУ- ҚР ЖОО универсиадасының жеңімпазы,С.Торайғыров атындағы ПМУдың студент-спортшылары еркін күрестен ЖОО арасындағы әлемдік (Иран) чемпионатқа қатысушылар.

2001ж. - ҚР ЖОО арасындағы спартакиадада С.Торайғыров атындағы ПМУ - 3 орын, әйелдер баскетбол командасы ҚР I Универсиадасының қола жүлдегері, Садырбаев К.- ХД СШ ,Азия чемпионы,кикбоксингтан әлем чемпионы.

2002ж. - Садырбаев К.- Азия чемпионы,әлем чемпионы.

2003ж. - С.Торайғыров атындағы ПМУ командасы ҚР студенттер арасындағы II Универсиадада 14 спорт түрінен қатысты, елдің 64 ЖОО ішінен кешенді сынақта 3 орын иеленді.

ҚР Чемпионатының жоғарғы лигасына қатысу үшін құрастырылған С.Торайғыров атындағы ПМУдан 5 команда:

1. волейбол (айелдер)

2. волейбол (ерлер)

3. баскетбол (ерлер)

4. регби (ерлер)

5. үстел тенисі (ерлер)

С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері арасында 14 спорт түрінен, оқытушылар мен қызметкерлер арасында 9 спорт түрінен жыл сайын кешенді спартакиада өткізу.

  • 2004ж. - С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттер командасының устел тенисінен Гьёр (Венгрия) қаласында әлем Чемпионатына қатысты-9 жалпы командалық орын.
  • Афинадағы жазғы олимпиада ойындары.ҚР құрама командасының құрамындағы С.Торайғыров атындағы ПМУдың студент-спортшылары (Юда.,Худиев Р.,Медянников Н.,Иглинский А.,)
  • 2005ж. - ҚР III-жазғы студенттер Универсиадасының программасы бойынша 21 спорт түріне қатысқан-С.Торайғыров атындағы ПМУ командасы.
  • 2007ж. - ҚР IV-жазғы студенттер Универсиадасының программасы бойынша 18 спорт түріне қатысқан-С.Торайғыров атындағы ПМУ командасы.Кешенді сынақта 6-жалпы командалық орынға ие болды.
  • 2008ж. - ҚР II-қысқы Универсиадасында С.Торайғыров атындағы ПМУ командасы: қысқы президенттік көпжарыстан Универсиада жеңімпаздары,шаңғы жарысынан 3 орын иегері.
  • Пекиндегі жазғы олимпиада ойындары.ҚР құрама командасының құрамындағы С.Торайғыров атындағы ПМУдың студент-спортшылары (Худиев Р.,Скляр А.)
  • 2009 жылдың қыркүйек айы- Токио қаласында жүзуден Азия чемпионаты,халықаралық деңгейдегі спорт шебері Худиев Рустам екі алтын,бір қола медаль жеңіп алды.Скляр Александр бір алтын медаль алды.Екі спортшы да ҚР рекордың өз қашықтықтарында жақсартты.
  • Хоное, Вьетнамдағы жабық жайлардағы Азия ойындарына университет атынан 3 студент (Худиев Р.,Скляр А.,Валиев Р.) қатысты. Худиев Рустам екі алтын,бір күміс және бір қола медаль,Скляр Александр алтын және қола медаль, Валиев Роман үш дүркін секіруден алтын медаль жеңіп алды.
  • Оксана Вернер жеңіл атлетикадан ХД СШ,Түркиядағы Әлем чемпионатына полиотлоннан қатысып,күміс медаль ұтып алды.
  • 2009 жылдың қазан айы- регбиден ҚР чемпионатында (15х15) және (10х10) "Университет" командасы тиісінше күміс және қола медаль ұтып алды,13 спортшыға "ҚР спорт шебері" атағы берілді.
  • 2009 жылдың қараша айы- Р.Валиев Қытайдағы Азия чемпионатында үш дүркін секіруден алтын медаль жеңіп алды.
  • ХД СШ Серік Актаев Чехиядағы дүниежүзілік зияткерлік олимпиада ойындарында тоғызқұмалақтан екі жыл қатарынан чемпион атанды.
  • 2009 жылдың қазан айының 19-26 аралығында өткен тоғызқұмалақтан ашық Азия чемпионатында С.Торайғыров атындағы ПМУдың студенттері жеңімпаз аталды: Кенина Диана алтын медаль ұтып алып,тоғызқұмалақтан Азия чемпионы атағын алды. Актаев Серік күміс медаль иегері атанды.
  • Халықаралық гроссмейстер Ринат Джумабаев Аргентинада шахматтан Әлем чемпионатына қатысып,20 жасқа толмаған спортшылар арасынан бірдей ұпаймен 10-19 орындарға ілікті, ФИДЕ рейтингісіне сәйкес 10 орын иесі атанды.
  • 2010 ж.- регбиден ҚР чемпионатында (15х15) және (10х10) "Университет" командасы тиісінше күміс және қола медаль ұтып алды,13 спортшыға "ҚР спорт шебері" атағы берілді.
  • 2010 жылдың қараша айында Қытайда өткен Азия чемпионатында үш дүркін секіруден алтын медаль қоржынға ілікті. Чехия (2010ж) мен Францияда (2011ж) өткен дүниежүзілік зияткерлік олимпиада ойындарында тоғызқұмалақтан екі жыл қатарынан университет студенті чемпион атанды.

Сафронов Константин – жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері,ҚР-ның ұлттық құрамасының мүшесі, ҚР-ның чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, 2011 жылы Қытайдың Шень-Жень қаласында өткен Бүкілəлемдік универсиада қатысушысы.

Тыртыкаева Айнур – садақ атудан спорт шебері, ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, КР-ның көптеген чемпионаттарының жеңімпазы, 2011 жылы Қытайдың Шень-Жень қаласында өткен Бүкілəлемдік жазғы универсиада қатысушысы, 2011 жылғы VI жазғы жастар универсиадасының қатысушысы.

2012 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің Нұрсұтан Назарбаевтың қатысуымен Баянтау спорт сарайында бокстан халықаралық турнир өтті. Осы кездесуде біздің университеттен 35 адамнан тұратын ФКиС факультеті студенттері мен оқытушылары қатысты.

Студенттер екі бірінші және бір екінші орын алды. Турнирдің жеңімпаздары стр-302 группасының студенті Айгужинов Азат жəне ФКиС факультетінің студенті Дюсеков Жандос иеленді.Ал екінші орынды Шаканов Константин иеленді. 2013 жылғы Әлем чемпионатында (Хорватия) панкратиададан жүлделі орынды ҚР-ның чемпионы Мажитов Куанышбек иеленді. 2013 жылы тоғызқұмалақтан Азия чемпионатында қола жүлдегерлері болып Байжанов Бахтияр мен Аблайхан Бауыржан атанды.

Тамемов Ерлан – бокстан 2013 жылы өткен ҚР-ның чемпионатында қола жүлдегері атанды;

Жетібай Мади – джиу-джитсудан 2013 жылы өткен ҚР-ның чемпионатының күміс иегері;

2014г. – Браун Максим ҚР-ның биатлоннан спорт шебері, ҚР-ның ұлттық құрама мүшесі, Сочи қаласында өткен қысқы Олимпиадасына қатысушысы;

2014г. – Толегенова Алия күштік копсайысынан спорт шебері, Азия чемпионы;

Сметенов Жанат - кикбоксингтен спорт шебері, РҚ-ның чемпионы;

Кондратьев Игорь - жеңіл атлетикадан халықаралық дəрежедегі спорт шебері, ҚР-ның чемпионы;

2015г. – Хайлямов Ернур ауыр атлетикадан спорт шебері, ҚР-ның чемпионы;

Байжанов Бахтияр - тоғызқүмалақ ойынынан спорт шебері, ҚР-ның жастары арасындағы VII жазғы Универсиаданың күміс жүлдегері;

Аблайхан Бауржан - тоғызқүмалақ ойынынан спорт шебері, ҚР-ның жастары арасындағы VII жазғы Универсиаданың күміс жүлдегері;

Абылкадыров Заирбек - джиу-джитсудан спорт шебері;

Каракулова Мадина - тоғызқүмалақ ойынынан спорт шебері, ҚР-ның жастары арасындағы VII жазғы Универсиаданың чемпионы;

Каиргельды Хаким - кикбоксингтен спорт шебері,ҚР-ның жастары арасындағы VII жазғы Универсиаданың чемпионы;

2016г. – С.Торайғыров атындағы ПМУ командасы ҚР-ның ЖОО арасында өткен VI қысқы ойындарының қатысушысы;

2017г. – С.Торайғыров атындағы ПМУ-да XXVIII Бүкіләлемдік универсиада алауының жағылу рәсімі өтті. Рәсімге университет ректоры А.А.Орсариев және біздің студенттер,оның ішінде, Қалел Диас грек-рим күресінен спорт шебері және ҚР чемпионатының қола жүлдегері, Толегенова Алия пауэрлифтингтен спорт шебері, Азия чемпионы қатысты. Студенттер қатарындағы белсенділер, спортшылар делегациясының құрамында XXVIII Бүкіләлемдік универсиаданың ашылуына команда қолдаушылары ретінде қатысты. Университеттің құрама командалары 2017 жылда өтетін ҚР ЖОО арасындағы IX жазғы Универсиадада мынадай спорт түрінен қатысып (жеңіл атлетика,бадминтон,устел тенісі,шахмат) ПМУ-дың намысын қорғайды.

2017-2018 жылдары университет студенттері мен оқытушылары Әлем, Азия және ҚР чемпионаттарында Павлодар облысы мен С. Торайғыров атындағы ПМУ абыройын лайықты қорғады:

Федькович Дмитрий – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, акробатика бойынша ҚР және Азия чемпионы;

Кондратьев Игорь - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жеңіл атлетикадан Азия және ҚР чемпионы;

Толегенова Алия - штанганы жатып көтеру (пауэрлифтинг) бойынша әлем чемпионы;

Касанов Айшуак - спорт шебері, бокстан ҚР жүлдегері;

Калел Диас - спорт шебері, күрес бойынша халықаралық турнирдің жеңімпазы;

Тезигев Кирилл - пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионы 2018 жыл;

Ашенов Кайрат Еркенович - пауэрлифтингтен әлем чемпионы;

Абылхадыров Заирбек - джиу-джитсу бойынша әлем чемпионы;

Домнич Алик - 2018 жылы жасөспірімдер арасындағы ережесіз күрес бойынша әлем чемпионы.

 

 

"Сұңқар" спорттық клубының қызметкерлері

Спорт кешендер

Спорттық үйірмелер

Спорттық клуб жұмысының жоспары

Спорттық клубтың жұмыстары