Сәулет-құрылыс факультеті

Мамандық - 5В074500 «Көлік құрылысы»

«Көлік құрылысы және кәсіби оқыту» кафедрасы  

Жоғары кәсіби білімді мамандар даярлауды профессорлар, техника ғылымдарының кандидаттары В.И. Данилов, П.В. Корниенко, В.А. Козионов, доценттер, техника ғылымдарының кандидаттары В.Т. Станевич, В.Г. Никифорова,Б.Ч. Кудрышова, доценттер М.Э. Данилова, Т.Қ. Шахаев, аға оқытушылар Л.А. Варламова, Ж.Қ. Орынтаев, Қ.С. Баймульдинова, Қ.Қ. Қасқырбаев, К.М..Искаков, Б.З. Омарова, оқытушылар Л.Т. Қабдырова және басқалар жүргізеді.

Сабақтар ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен электронды таратушылардағы әдебиеттерді қолданып, қазіргі  заманғы материалдық және оқу-әдістемелік базада, кафедраның  «Құрылыс материалдары және геотехника» және «Құрылыс сапасын бақылау, зерттеу және сынау» зертханаларында, арнайы пәндердің кабинеттерінде өткізіледі.

Кафедра меңгерушісі ПМУ-дің профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Сақанов Қуандық Темірұлы

Маманның қызметтік саласы:

Көлік жүйелерінің дамуы өкімет пен Қазақстан Республикасының Президентінің ең басты мақсаты болып табылады. Шағарушы кафедра мемлекеттік оқыту стандартына сай студенттері оқытып, мамандар өндіріс саласынан іргелі білім алып, автокөлік, теміржолдарды, аэродромдарды, және басқа жол объектілері мен теміржол комплекстерін жобалау, пайдалану және қайта құрастыру амалдары мен тәсілдеріне үйретеді.

Кәсіби қызметтің бағыттары

Көлік құрылысының объектілерінде  құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу, көлік құрылысының  ғимараттарын, құрылымдарын және техникалық жабдықтарын  пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу, басқаратын мамандардың жетекшілігімен  ғылыми-зерттеу ұйымдарында жұмыстарды орындау.

Кәсіби қызметтің түрлері

Өндірістік-басқарушылық қызмет:

Құрылыс индустриясы, инженерлік жүйелер мен жабдықтар кәсіпорындарының ғимараттарын және құрылымдарын  салу,  қайта құру бойынша құрылым-монтаждау жұмыстарын жүргізетін ұжымдарды басқару.

Жобалау-конструкторлық қызмет:

Көлік құрылысы, инженерлік жүйелер объектілерінің ғимараттары мен құрылымдарын  салу,  қайта құру бойынша конструкторлық жұмыстарды және жобалау-сметалық құжаттаманы орындау.

Ұйымдастыру-технологиялық қызмет:

Құрылыстық, муниципальдық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмыстарын ұйымдастыру.

Ғылыми-педагогикалық қызмет:

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуына қатысу және жалпы білім беретін ұйымдарда ғылыми-педагогикалық қызмет жүргізу.

Кәсіби қызметтің функциялары

Көлік құрылысы объектілері процестерін дайындау және жүргізу және де жобалау-іздеу жұмыстарын ұйымдастыру және жетекшілік ету

Кәсіптік қызметтің мазмұны

Көлік ғимараттары мен құрылымдарының эементтерін есептеуді жасау, техникалық шешулерді жазу, экология және өміртіршілік қауіпсіздігінің талаптарын ескеріп көлік құрылысының объектілерін  салуға және  қайта құруға техникалық тапсырмаларды әзірлеуге қатысу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау.

Бізге түсуге болады:

  • ағымдағы жылда ЖОБ ұйымдарынның түлектері, ҰБТ нәтижесі бойынша;
  • КТА-ға қатысушылар, тестілеу нәтижесі бойынша минималды деңгейде балл алғандар.

Оқу мерзімі:

ЖОБ негізінде—4 жыл (күндізгі)

ОКБ негізінде – ең кемі 3 жыл (күндізгі, сырттай);

ЖКБ негізінде – ең кемі 3 жыл (сырттай) (базалық біліміне байланысты).

Оқу. Күндізгі және сырттай ЖОБ негізінде: мемлекеттік оқу гранты негізінде немесе келісім шарт ақылы. Ақылы түрінде оқитын студенттерге арнайы жеңілдіктер түрі қарастырылған. Сөйлесіп келісу түрі - ОКБ және ЖКБ негізінде түсетіндерге.

Магистратура

Оқуды бітіргеннен кейін «Көлік құрылысы» бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Мектеп, колледж түлектерін, әскерлік міндетін атқарып запасқа шығарылған азаматтарды

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің «Көлік құрылысы және кәсіби оқыту» кафедрасындағы

5В074500- «Көлік құрылысы» мамандығының келесі мамандырлауларына

- автокөлік жолдарын және аэродром салу
- темір жол салу
түсуге

ШАҚЫРАМЫЗ

________________________________________________________________________

140008 Қазақстан Республикасы,

Павлодар қ., Ломов көш., 64 үй, С.Торайғыров атындағы ПМУ

Қабылдау комиссиясы: Павлодар қ. Ломов көш. 64 үй, 132а аудиториясы. тел. (8-7182) 67-37-73

Дайындық курстары: тел. (8-7182) 67-36-50

«Көлік құрылысы және кәсіби оқыту» кафедрасы: тел. (8-7182) 67-36-23, 67-36-34 (ішкі 12-18)


 

Certified
by Russian Register