Кафедра студенттерді келесі мамандықтар бойынша оқытады:

Бакалавриат: 5В060700 – Биология

Білім беру бағдарламасы

Білім беру бағдарламасы БГТУ

5В060700 «Биология» мамандығына абитуриенттер қабылданады, оларға «Биология бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Біздің мақсатымыз – жан-жақты биология бакалаврын дайындау.

Бізде білім алу – бұл келесінің кепілділігі:

- жоғары кәсіптік деңгей;

- биологиялық ғылым саласы бойынша теоретикалық және қолданбалы дайындық;

- коршаған ортаны қорғау және экология негіздері.

5В060700 «Биология» мамандығының студенттері анықтаудың негізгі әдістерін меңгере алады:

- Қазақстанның табиғи аймақтарында өсімдіктер мен жануарлар әлемін және био әртүрлігін ұтымды пайдалану;

- Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркінің экожүйелерінің жағдайын және оның флора мен фаунасына инвестиция жасау.

Келесі дағдыларға ие болады:

- Павлодар қаласының аумағында ағаш көметтерінің жағдайын аралау және олардың сәндік, шаң және газ сіңіргіш қасиеттерін жақсарту жолдарын табу;

- Павлодар облысының ауылдары мен қалашарындарының ландшафтық дизайні;

- Паразитоценоздардың функционалды морфология мен экологиясы және олардың адам мен жануардың иммундық жағдайына әсер етуі;

- Семей ядролық палигонына іргелес аумақтарында биоценоздарды қалпына келтіру;

- Сирек және жоғалып бара жатқан жануарлардың қауымдалыстығын қорғау иен қалпына келтіру

Сіздерде биологиялық бағыт бойынша ғылыми мансапты жүзеге асыру нақты мүмкіндіктеріңіз бар. Биология кафедрасында магистратура және докторантура (PhD) жұмыс жүргізеді.

Түлектерге келесі жұмыс орындарға орланасу мүмкіндіктері ұстынады:

- экология мен биоресурстарды басқару бөлімшелерге, ғылыми-зерттеу орталықтарға;

- медициналық, биологиялық және ветериналық мекемелердің лабораторияларына;

- білім департаментінің құрылымдарына;

- қалалық және облыстың лабораторияларға, өндірістік кәсіпорындарға және ауыл шаруашылық мекемелердің лабораторияларына;

- тәжірибелі станцияларға, қорықтар мен қорықшаларға;

- мемелекеттік мекемелердің департаменттеріне, деңсаулық сақтау, ауыл шарушылық, қоршаған ортаны қорғау департаменттеріне;

- жалпы білім беретін және арнайы мектептерге, лицейлер мен гимназияларға.

 

Бакалавриат: 5B060800 «Экология»

Білім беру бағдарламасы

Білім беру бағдарламасы БГТУ

Оқу мемлекеттік гранттар немесе жеңілдіктер қарастыратын келісім бойынша жүргізіледі. Оқу барысында студенттер практиканың барлық түрлерін өтеді: оқу практикасы-Баянауылдың, Шалдайдың, Көкшетаудың тоғайларында, Алтай тауларында,Ертіс өзенінің қоймасында өтетін болса, өндіріс практикасы қалалық және облыстық мекемелер мен зауыттарда өтеді. Ал педагогикалық практика қалалық және оьлыстық мекткптерде жүргізіледі.

Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері:

- экология мен биоресурстар басқару бөлімшелері;

- ауыл шаруашылығының басқармасы , қоршаған ортаны қорғау басқармасы;

- табиғатты қорғау және басқару саласында – маман және эксперт ретінде;

- ғылыми-зерттеу және жобалық институттар (кіші ғылыми қызметкер ретінде);

- өнеркәсіп мекемелері (инженер-эколог);

- орта және жоғары оқу орындары (экология және биология оқытушысы ретінде).

Университет бітіргендер келесі салаларда жұмыс істей алады:

- ұйымдастырушылық-технологиялық- қоршаған ортаны зақымдауды және мекемелердің жұмыс істеуін алдын ала бағалауды өткізу және ұйымдастыру;

- өндірістік-басқарушылық-табиғатты қорғау объектілерін басқару және қадағалау қызметін ұйымдастыру;

- ғылыми-зерттеу - табиғатты қорғау технологияларын және жаңа экологиялық әдістерді жасау;

- білім берушілік (педагогикалық) – экологиялық білім, тәрбие, ағарту жұмысы.

Студенттердің экологиялық бағытта ғылыми карьера жасау мүмкіндігі бар

Магистратура: 6M060700 – Биология.

Білім беру бағдарламасы: ғылыми-педагогикалық бағыт

Білім беру бағдарламасы: профильді бағыт

6M060700 – «Биология» мамандығы бойынша магистратура түлегіне «биология магистрі» академиялық атағы беріледі.Еңбек және әлеуметтік қорғау министрісін №279-11 бұйрығының 2002.11.22 жылы бенітелген «Қызметкерлер, мамандар мен басшы лаузамдардың білікті анықтамасына» сәйкес біліктім пен лауазымдар анықталады.

Магистратура түлектерінің кәсіптік іс-әрекеттініңобъектері жоғары оқу орындары, колледждер,гимназиялар, ғылыми-зерттеу институттары, қорықталар, хайуанаттар парктері, өсімдіктерді қорғау орталықтары, санитарно-эпидемиологиялық және обаға қарсы станциялар, селекциялық және обаға қарсы станциялар, ботаника бақтары,селекциялық сорт апнау станциялар, дендрариялар, табиғат мұражайлары, ғылыми-өндірістік, жобалау және геоботаника ұйымдар, облыстық пен аудандық әкімшіліктер іргелес экология бөлімдері мен басқармалар, салалық лабораториялар, бөлімшелер, республикалық табиғатты қорғау ведомство департаменттері, ғылыми-зерттеу, өндірістік, медициналық, фармацевтикалық, ауыл шаруашылық, әкімшілік, табиғатты қорғау мекемелер және т.б. болып табылады.

Биология магистрі оқытушы, ғылыми қызметкер, басқару саласында менеджер мен мамн ретінде жұмыс істей алады, сонымен қатар әр түрлі мемлекеттікқұрылымдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда эксперт ретінде істей алады.

6M060700 - «Биология» мамандығы бойынша магистратура түлектері келесі кәсіптік әрекеттік түрлерін орындай алады:

- ғылыми-зерттеу;

- педагогикалық;

- өндірістік-басқару және менеджмент пен маркетинг міндеттерін орындай алады;

- ұйымдастыру – технологиялық;

- табиғатты қорғау;

- эксперттік;

- жабалау.

Білім алу мерзімі – ғылыми-педагогикалық магистратурада білім алу бағдарламасын меңгеру 2 жылға созылады.

Магистрант ғылыми-педагогикалық дайындық бойынша 60 кредиттен кеш емес магистратурада меңөрсе, бұл білім алу үрдісінің негізгі, аяқталған белгісі болады.

Магистрлік білім алу бағдармаларын жақсымеңөрсен түлектер докторонтурада білім алуға дайын.

 

Магистратура: 6M060800 - Экология

Білім беру бағдарламасы: ғылыми-педагогикалық бағыт

Білім беру бағдарламасы: профильді бағыт

Мамандарды даярлау ғылыми-педагогикалық бағытта жүргізіледі.

6M060800 - Экология мамандығы бойынша «Экология магистрі» академиялық дәреже беріледі

Магистрлерді даярлаудың негізгі міндеттері:

- экология және педагогикалық іс бойынша теориялық және жеке практикалық дайындықты жүргізу, әлемнің ғылыми көрінісін біртұтас қабылдауға мүмкіндік беретін білім беру;

- маманның өзіндік дамуының қабілеттілігін арттыру;

- жоғарғы оқу орындарында сабақ беру;

- зерттеу және басқарушылық жұмысты жүргізу;  

- магистранттарға кәсіби мобилдік беретін пәнаралық фундаменталдық білім беру;

- ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуді үйрету; докторантура арқылы ғылыми жұмысты жалғастыру;

- жоғары оқу орны педагогикасы мен психологиясы бойынша қажетті білім алу.

6M060800 - Экология мамандығы бойынша магистрдің кәсіби әрекетінің объектілері:

- қоршаған орта мониторингі мен табиғат ресурстарын қорғаумен айналысатын мемлекеттік, жергілікті, аймақтық, шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдар; табиғи үрдістерді моделдеу; жобаларға экологиялық сараптама жасау; қоршаған ортаға әсерін бағалау; кәсіпорындардың экологиялық аудиті және т.б.;

- Экология, қоршаған ортаны қорғау және білім беру саласында мемлекеттік басқару (жоғары оқу орындары, мектептер, гимназиялар, лицейлер, колледждер);

- жеке меншіктегі экологиялық фирмалар, экологиялық бағыттағы үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар;

- БҰҰ тарапынан экологиялық қорлар; экологиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттары; экологиялық бағыттағы орталықтық-зауыттық лабораториялар; мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары.

6M060800 - Экология мамандығы бойынша магистр мына бағытта істей алады:

- ғылыми-зерттеу және жобалық салалық институттарының ғылыми қызметкері;

- мемлекеттік, жергілікті, аймақтық, шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдардың бас экологы және жетекші маманы;

- тендер негізінде және әртүрлі экологиялық қорларда жүргізілетін жобаларда эколог-сарапшы;

- ЖОО оқытушылары;

- кәсіпорындардың сақтандыруы, экологиялық аудиті, лицензиялауымен айналысатын ұйымның жетекші маманы.

Докторантура

Кафедраның жетекші ғалымдары 6D060700 «Биология» (Білім беру бағдарламасы)мамандығы бойынша докторантураны ашуға жұмыстарға қатысады.