Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы
5B020700 «Аударма ісі»
«Шет тілің білу - әлемдік қоғамдастыққа енудің жолдарының бірі»
1. Жалпы мәліметтер
Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы 2006 жылы құрылған, келесі мамандық бойынша студенттер қабылдап оқытады: 5B020700 «Аударма ісі» ағылшын тілі (академиялық дәрежесі -аударма ісінің бакалавры)
- жалпы орта білім негізінде - 4 жыл (күндізгі)
- орта арнайы білім негізінде – 3 жылдан кем емес (күндізгі, сырттай)
Мамандыру:
- ағылшын тілі;
- неміс тілі;
- орысша-қазақша аудармашы.
Қабылдау тесттік жүйесімен төмендегі пәндер бойынша өткізіледі:
- қазақ (орыс) тілі
- қазақстан тарихы
- математика
- ағылшын тілі
Барлық мамандықтар бойынша оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. 2008 жылдың қыркүйегінен бастап жоғары курс студенттері (3-4) элективті негізінде үшінші шетел тілін меңгере алады – шығыс (қытай) немесе еуропалық (француз) тілдері. С. Торайғыров атындағы ПМУ түлектері оқуларын Қазақстан Республикасы мен шетелдердің жетекші жоғарғы оқу орындарының магистратураларында жалғастыра алады.
2010 жылдан бастап орта кәсібі білім негізінде (Аударма ісі мамандығы) қысқартылган және сырттай оқыту бойынша орысша-қазақша аудармашылары мамандыгы бойынша қабылдай жүргізіледі.
2. Түлектерді еңбекке орналасуы:
- Аударма ісінің бакалавры аудармашы-референт, гид-аудармашы, аударма редакторы және басқа лауазымдарда қызмет істей алады.
- 5B020700 «Аударма ісі мамандығы бакалавриатының түлегі мына салаларда қызмет істеуге дайындалады:
- әкімшілік-басқару саласы;
- білім және ғылым саласы;
- мәдениет және мәдениетаралық коммуникация саласы;
- халықаралық байланыстар саласы;
- баспа ісі саласы;
- бұқаралық ақпарат құралдары саласы;
- ақпараттық-аналитикалық және басқа салалар.
Түлектердің кәсіби қызметінің обьектілері: мәдениет мекемелері, халықаралық ұйымдар, турлі ақпараттық-аналитикалық қызметтер, елшілер мен өкілділіктер, министрліктер, туризм жөніндегі агенттік, баспалар, аударма жөніндегі бюро және басқа ұйымдар мен кәсіпорындар.
Алынған іргелі және мамандандырылған дайындығына сәйкес кәсіби қызметтің пәндері: аударманың түрлі түрлеріндегі әртүрлі жанрлар мен стильдердің бірегей мәтіндері, анықтама әдебиет және баска ақпарат көздері (интернет, электронды сөздіктер).
5В020700 - Аударма ісі мамандығы бойынша бакалаврлар кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады:
- аудармашылық (әр жанрлы мәтіндер мен құжаттардың жазбаша аудармасы, келісімдердің, халықаралық кездесулердің, конференциялардың ауызша аудармасы); ұйымдық (әртүрлі шараларды ұйымдастырып, өткізу, кәсіби және қоғамдық ұйымдарды құру)
- өндірістік-басқару (басқару және/немесе кәсіби міндеттерді атқару (аударманың әр түрлері) отандық пен шетелдік және бірлескен кәсіпорындар мен ұйымда дың тиісті бөлімдерінде);
- ақпараттық-аналитикалық (әлеуметтік-саяси талдау жасау, іс қағаздарын, есептерді, шолулар, жағдайға болжау, жасау, аудармаларды редакциялау);
- ғылыми-зерттеу (практикалық материалды жинақтап, өндеу, аударматану мен мәдениетаралық коммуникация проблемалар бойынша баяндамалар мен мақалалар дайындау).
5В020700 - Аударма ісі мамандығы бойынша түлек мынадай функцоналды міндеттерді атқаруға дайын болуға тиіс:
- жазбаша және ауызша аударманы жүзеге асыру;
- тіларалық және мәдениетаралық коммуникацияның әр түрлерінде делдалдықты жүзеге асыру;
- аударматану мен филология саласында зерттеу жүргізу;
- зерделенетін шет тілі мен мәдениет мәселелері жөнінде консультация беру;
- ақпараттіқ мәтіндерді редакциялау және реферат жазу.
Кәсіби қызметтің типті міндеттері:
- жазбаша аудармалар жасау;
- конференцияларда, келісімдерде, іскерлік кездесулерде, таныстырылымдар мен басқа шараларда ауызша аударма жасау;
- аударматану және мәдениетаралық коммуникация саласында ғылыми- практикалық қызмет жүргізу;
- шет тілдік әдебиетке реферат пен аңдатпа жазу. Аудармашы республиканың сыртқы саяси, сыртқы экономикалық, ғылым-мәдени байланыстарын жүзеге асыратын ұйымдарда кәсіби жазбаша (толық және/немесе рефераттық) және ауызша (ізінше) аударма жасауға тиіс.
Білімді жалғастыру мүмкіндіктері
Жоғарғы кәсіптік білімді оқыту бағдарламасын табысты меңгерген бітірушілер магистратурада оқуларын жалғастыра алады.
3. Кадрлық потенциал, ҒІЖ
Кафедра оқытушылары—терең білімді ғалымдар. Кафедра мең меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты доцент Г.Х. Демесінова, оқытушылар филология ғылымдарының кандидаты профессор Р. А. Омарова, филология ғылымдарының кандидаты Г.К. Кенжетаева, филология ғылымдарының кандидаты К.К.Каримова, филология магистрі, аға оқытушы Ж.Е. Ордабаева, филология магистрі, аға оқытушы С.Р. Худиева, филология магистрі, аға оқытушы Г.Д. Ергазинова, филология магистрі, оқытушы А.Б.Ахметова, филология магистрі, оқытушы А.М.Ахметбекова, аға оқытушылар Ю.М. Горячих, Н.М. Морозова, А.А. Мадеева, оқытушы В.В.Лямзина, оқытушы Р.Э.Табынбаев, олардың көбі Абылайхан атындағы Казақ халықаралық қатынас және әлем тілдері университеті мен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанында ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін қорғайтын деп жүргендер.
С. Торайғыров атындағы ПМУ- біздің өнірдегі сапа менеджменті жүйесінің хылықаралық сертификациясынан өткен және жоғары кәсіби білімді кадрлар дайындау бойынша білім беру қызметіне қатысты ИСО 9001:2000 халықаралық стандартына сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігі сертификатын алған тұңғыш жоғары оқу орны.
Бізге оқуға түсе алатындар:
- ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижесі бойынша жалпы орта білім беретін мектептердің түлектері. Оқу мерзімі: күндізгі бөлімде – 4 жыл;
- осы бағыт бойынша білімі бар орта кәсіптік оқу орындарының (колледж) түлектері. Оқу мерзімі: ең кемі 3 жыл (күндізгі);
Мемлекеттік білім беру гранты бойынша немесе жеңілдіктер көзделген икемді жүйелі шарттық негізде оқытылады.
Біздін университетке ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Біздің мекен-жайымыз:
Қазақстан, 140008, Павлодар қ. Ломов көшесі 64,
С.Торайғыров атындағы Мемлекеттік университеті
Телефондары:
Аударма теориясы мен практика кафедрасы: 67 36 31
Қабылдау комиссиясы: 67 37 73
Дайындық курстары: 67 36 50
|
Certified
by Russian Register |