«ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫ

5B040200 АСПАПТЫҚ ОРЫНДАУ


МАМАНДЫҚҚА СИПАТТАМА

  • Мамандықтың кәсіби қызмет саласы: өнер, мәдениет және білім беру мекемелері;
  • Кәсіби қызметінің объектілері: мәдениет және өнер ұйымдары, орта білім беру музыкалық оқу орындары, шығармашылық бірлестіктер, музыкалық редакциялар, баспалар, студиялар, ақпарат құралдары.

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

  • Ұйымдастырушы-басқарушылық:

Шығармашылық бірлестіктерді, өнер және мәдениет мекемелерін, музыкалық оқу орындарын басқару, фестивальдер, байқаулар, конференциялар өткізу;

  • Өндірісті -  технологиялық:

Өнер және білім саласында жаңа идеялар мен қағидаларды еңгізу, шығармашылық қызметтің жобаларын жасау, оларды жарнамалық және ақпараттық жағынан жабдықтау;

  • Ғылыми-зерттеушілік:

Отандық музыкалық мәдениет мұрасын, қазіргі музыка мәселелерін, әртүрлі музыкалық - тарихи кезеңдердің орындаушылық тәжірибесін үйрену; өнер, мәдениет және білім беру саласы қызметінің объектісін зерттеу.

  • Білім беру (педагогикалық):

Оқытудың құрылымы мен әдістерін, жинақталған тәжірибені жаңашылдықпен біріктіре отырып жетілдіру; педагогикалық міндеттер қою, мақсаттарын шешу, білім беру қызметіне көмек;

  • Орындаушылық:

Орындаушылық-шығармашылықтың эстетикасы мен технологиясы туралы жаңа түсініктермен, жоғары кәсіби талаптармен сәйкес музыкалық шығармаларды орындау.

БІЗГЕ ТҮСЕТІН ТҮЛЕКТЕР:

Осы бағытта білім алған орта кәсіби мекемелерінің (музыкалық колледж) түлектері:

Оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл, сырттай – 5 жыл.

Оқу бағыты: мемлекеттік білім гранты және келісім-шарт негізінде, жеңілдіктер жүйесі қарастырылған

Оқыту келесі музыкалық аспаптар бойынша өткізіледі:

  • фортепиано
  • ішекті аспаптар
  • үрлемелі және ұрмалы аспаптар

ОҚУ

Мемлекеттік және орыс тілдерінде.

АКАДЕМИЯЛЫҚ ДӘРЕЖЕСІ

Аспаптық орындау мамандығының түлектеріне музыка бакалавры академиялық дәрежесі

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

  • концерттік - орындаушылық;
  • ансамбльдерде, оркестрлерде ойнау;
  • кәсіби және көркемөнерпаздар ұжымдарын басқару;
  • музыка кадрларын оқыту, тәрбиелеу.

ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ

Орта оқу мекемелері, музыкалық колледждер, мәдениет және өнер мекемелері, шығармашылық студиялар.

С.Торайғыров атындағы ПМУ - біздің өңірдегі  сапа менеджменті жүйесінің халықаралық сертификациясынан өткен және жоғары кәсіби білімді кадрлар дайындау бойынша білім беру қызметіне қатысты ИСО 9001:200 халықаралық стандартына сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігі сертификатын алған тұңғыш оқу орны.

Мамандарды дайындайтын білікті профессорлық-оқытушылар құрамы: педагогика ғылымдарының докторы, профессор - Жұматаева Е., ПМУ профессорлары – Айтбаев Е.Х., Рахимжанов Б.С., ПМУ доценті Дүкенбай Н.С., Попандопуло М.П., ҚР еңбегі сіңірген қайраткері – Рахимжанов Б.С., ҚР Мәдениет қайраткерлері Айтбаев Е.Х., Каримов Т.Б., Негманова У.К., Дукенбай Н.С., Землякрва Н.В., аға оқытушылар: Ставская А.Д., Акаева А.Т., Әжіғалиева У.А., Мақышбаева Г.Т., Анишева Г.М., Сулейменова Г.К., Отарбаева Н.О. Хамметова Ж.Х.,  Балажанова Қ.М.

Кафедра меңгерушісі ПМУ доценті «ҚР мәдениет қайраткері» Назымбек Сәбитұлы Дүкенбай

 

ТҮЛЕКТЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП

5В040200 «Аспаптық орындаушылық»

Абитуриентте берілген білім бағытында орта кәсіби білім негізіндегі мемлекеттік үлгідегі құжат болуы қажет

Біз сіздерді мына мекен-жай бойынша күтеміз:

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті,

Қабылдау комиссиясы:

Ломов көшесі, 64, тел.  67 37 73, каб. 132 А

Дайындық курстары: тел.67 36 50

«Орындаушылық өнер» кафедрасы: тел. 67 36 85 (ішкі 1143)

 

Ақ жол болсын қымбатты түлек!

 



 

Certified
by Russian Register