«ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ӨНЕР» кафедрасы
5В010600 МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ
МАМАНДЫҚҚА СИПАТТАМА
- Өнер, мәдениет және білім саласында қызмет жасау;
- Мамандықтың білім негізі педагогикалық, ұйымдастырушылық әрекетінде қолдану;
- Кәсіби педагог-музыкант, жалпы мектепте музыка мұғалімі, сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастырушы.
КӘСІБИ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ
- Шығармашылық, педагогикалық орындаушылық;
- Музыка сабақтарын өткізу.
Музыкалық білім мамандығы бойынша бакалавр келесі қызмет түрлерін атқара алады:
- Ұйымдастыру және басқару: түрлі типтік беретін мекемелердегі жас өспірім мен балалар арасында мәдени-ағарту, музыкалық жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
- Өндірістік және технологиялық: оқушылармен музыкалық жұмыстар жүргізуде насихаттаушы, ұйымдастырушы, сынып жетекшісі қызметтерін атқару;
- Жобалау: республикадағы саяси-қоғамдық, экономикалық және мәдени өмірі негізінде сыныптан тыс музыкалық-көркемдік шараларды ұйымдастыру, жақын арадағы болашақтағы жоспарларын жүзеге асыру;
- Эксперименттік-зерттеу: қазіргі таңдағы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, өз еңбегін ғылыми негізінде ұйымдастыру;
- Білім беру (педагогикалық): музыка сабақтары мен сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды өткізу, оқушылардың музыкалық дамуына педагогикалық бақылауы.
БІЗГЕ ТҮСЕТІН ТҮЛЕКТЕР:
ҰБТ-тен немесе кешенді тестен өткен жалпы орта білім беретін оқу мекемелерінің түлектері.
Оқу мерзімі: Күндізгі оқу түрі – 4 жыл
Осы бағытта орта кәсіби оқу мекемесінде (колледж) білім алғандар.
Оқу мерзімі: Күндізгі және сырттай оқу түрі – 3 жылдан кем емес.
Оқу бағыты: мемлекеттік білім гранты және келісім-шарт негізінде, жеңілдіктер жүйесі қарастырылған.
ОҚУ
Мемлекеттік және орыс тілдерінде.
АКАДЕМИЯЛЫҚ ДӘРЕЖЕСІ
Музыкалық білім мамандығының түлектеріне музыкалық білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
ТҮЛЕКТЕРДІҢ ЖҰМЫС ОРНЫ
Орта оқу мекемелері, гимназия-лицейлер, мәдениет және өнер мекемелері, шығармашылық студиялар т.б.
С.Торайғыров атындағы ПМУ - біздің өңірдегі сапа менеджменті жүйесінің халықаралық сертификациясынан өткен және жоғары кәсіби білімді кадрлар дайындау бойынша білім беру қызметіне қатысты ИСО 9001:200 халықаралық стандартына сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігі сертификатын алған тұңғыш оқу орны.
Мамандарды дайындайтын білікті профессорлық-оқытушылар құрамы: педагогика ғылымдарының докторы, профессор - Жұматаева Е., ПМУ профессорлары – Айтбаев Е.Х., Рахимжанов Б.С., ПМУ доценті Дүкенбай Н.С., Попандопуло М.П., ҚР еңбегі сіңірген қайраткері – Рахимжанов Б.С., ҚР Мәдениет қайраткерлері Айтбаев Е.Х., Каримов Т.Б., Негманова У.К., Дүкенбай Н.С., Землякова Н.В., аға оқытушылар, : Ставская А.Д., Акаева А.Т., Әжіғалиева У.А., Мақышбаева Г.Т., Анишева Г.М., Сулейменова Г.К., Отарбаева Н.О. Хамметова Ж.Х., Балажанова Қ.М.
Кафедра меңгерушісі: ПМУ доценті «ҚР мәдениет қайраткері» Назымбек Сәбитұлы Дүкенбай
Біз сіздерді мына мекен-жайымыз бойынша күтеміз:
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қабылдау комиссиясы: Ломов көшесі, 64 үй,тел. 67 37 73, каб. 132 А
Дайындық курстары: тел. 67 36 50
«Орындаушылық өнер» кафедрасы: тел: 67 36 85 (ішкі. 1143)
Ақ жол болсын қымбатты түлек!
|
Certified
by Russian Register |