ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

“ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТАНУ” КАФЕДРАСЫ

5B020400 “МӘДЕНИЕТТАНУ” МАМАНДЫҒЫ

 

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР! Сіздің өмірлеріңізде – келешек кәсіптік мамандықты таңдаудағы сенімді дұрыс жолды іздейтін шешуші кезең туып тұр.

Тарих және құқық факультеті “ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТАНУ” кафедрасы сіздерді шақырады.

Оқыту түрлері:

Іштей – 4 жыл, жалпы орта білімі бойынша

магистратура(сала бойынша) – 2 жыл.

Оқыту тілдері: мемлекеттік, орысша.

Шифр 5B020400

Мамандық   “Мәдениеттану”

Академиялық дәреже   Мәдениеттану (бакалавр)

 

Мәдениет дегеніміз не?

Мәдениет – адам болмысының өте күрделі факторы.

Күнделікті ауыз тілде «мәдениет» – бәрімізге өте таныс сөз: біз сарайлар мен мәдени саябақтар, қызмет көрсету мәдениеті және тұрмыс мәдениеті, мұражай, театр, кітапхана туралы айтамыз.

Сонымен бір мезгілде мәдениет – әлеуметтік-гуманитарлық танымның мәдениеттанушылар зерттейтін ең бір басты ғылыми түсінігі болып табылады.

Адам тіршілігінің өзіне тән ерекшелігін туралы ойлау адам болмысының ерекшеліктерінен көрініс беретін арнайы түсініктерді қажет етті, олар адам болмысының даму мүмкіншіліктерімен, оның санасымен рухани әлемімен байланысты.

Мәдениеттану – мәдениет теориясы – кешенді гуманитарлық ғылым. Оның қалыптасуы мәдениет туралы ғылыми білімнің интеграциясының жалпы тенденциясын көрсетеді. Ол тарих, философия, әлеуметтану, жантану, антропология, этнология, этнография, өнертану, семиотика, лингвистика, ақпараттану пәндерімен өзара түйіскен.

Мәдениеттану – ХХ ғасырда ғана ғылыми пән ретінде қалыптасқан жаңа ғылымдардың бірі. Бірақ мәдениет зерттеу пәні ретінде ХVІІ ғасырлардан бастап философтар мен тарихшыларды қызықтыра бастады.

Бұл мамандыққа оқу сіздің интеллектуальдық потенциалыңызды көтеріп, Сіздің рухани дүниеніңізді байытады.

Кадрлық потенциалы

Каф. меңгерушісі ф. ғ. к., доцент Г.Г Ахметова.

Кафедрада  ф.ғ.к., проф.  С.В. Невмержицкий, доц. Б.Ә. Күленов., проф. А. .Ж. Құдабаев., ф.ғ.к , доц С.Х. Альмуханов., ф.ғ.к.,  М.Ж. Қожамжарова., т.ғ.к., доц. Г.Қ. Жапекова., т.ғ.к., доц. Г.М. Раздықова., сонымен қатар аға оқытушылар мен философия және мәдениеттану магистрлері: Е.А. Ержанов., Д.Ж. Кемалова., Н.Е. Кулумжанов., Г.Ш. Сұлтанова., Ә.Ә. Сабданбекова., Т.Ю. Биль, ассистент  С.С. Аубакирова  жұмыс істейді.

Материалдық-техникалық базасы

Кафедра мамандықтарында оқу процесі қазіргі таңдағы талаптарға сай материалдық-техникалық базамен жұмыс істеуге негізделген. Оның ішінде: дәрісханалардың жабдықталуы, абонементтік қызмет көрсетуі мен оқу залдары кітапханалық қор, арнайы жабдықталған «Этномәдениеттану» және «Философия тарихы» кабинеттері, компьютерлік сыныптар, медиатека бар.

Оқу барысында студенттер 2 тәжірибе өтеді: өндірістік және педагогикалық.

Студенттер тәжірибені Облыстық Мәдениет басқармасында, Ішкі саясаттар Департаментінде, Павлодар қаласының мұражайларында және колледждерде өтеді.

Ғылыми-ізденіс жұмысы

Біздің ұжым республиканың басқа да жоғары оқу орындарымен тығыз  араласып жұмыс істейді, олардың ішінде: ҚР ҰҒА Ш.Уәлиханов атындағы тарих жєне этнология институты, ҚР ҰҒА Ә. Марғұлан атындағы археология институты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану институты, ҚазМЗА-дағы Қыпшақтану орталығы, Абай атындағы АМУ, Л.Гумилев атындағы Евразия МУ, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан МУ, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ, Шәкәрім атындағы Семей МУ, Президенттік мәдени орталық, сонымен қатар Ресей жоғары оқу орындарымен: Омбы МУ, Қалмақ МУ (Элиста қ.), Қырғыз МУ.

Студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуға мүмкіндіктері бар. Мұнда жыл сайын “Сәтпаев оқулары” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізу жақсы дәстүрге айналған.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынтасы бар студенттерге әрі қарай бN0201 «Философия», бN0204 «Мәдениеттану» мамандықтары бойынша магистратурада, аспирантурада оқу, ғылыми дєреже үшін диссертация қорғау мүмкіндіктері қарастырылған.

Түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету

“Мәдениеттану” бакалавриат мамандығының жоғары теориялық және қолдаңбалы деңгейлері кафедра түлектерінің келесідей мекемелерінде қызмет етуі сұранысына ие бола алады:

• орташа оқу мекемелерінде (мектеп, лицей, колледж) мәдениеттану оқытушысы;

• референт, эксперт, ішкі істер органдарының және ұлттық қауіпсіздік мекемелерінің қызметшісі;

• мәдени-ағартушылық мекемелердің қызметшісі, бұқаралық ақпарат құралдары жүйесіндегі мәдени процесстердің талдаушысы;

• мәдени құндылықтарды бағалау эксперті; мәдени қызмет ауданындағы кеңесші;

• имиджеолог; көпшілікпен байланыс қызметшісі; мәдени саясат қызметшісі.

 

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНЕ

ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

"ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТАНУ" КАФЕДРАСЫ

5B020400 “МӘДЕНИЕТТАНУ” мамандығы

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 140008,

Павлодар Қаласы, Ломов көшесі, 64 Бас оқу ғимараты

 

 

Философия және мәдениеттану кафедрасы: 67-36-85 (153)

Қабылдау комиссиясы: 67-37-73, каб. 132 А

Дайындық курстары: 67-36-50

 

 

 

 


 

Certified
by Russian Register