ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

5В060800 «Экология»

(бакалавриат)

 

5В060800 «Экология» мамандығы бойынша «Экология бакалаврына» студенттерді қабылдау жүргізіледі.
Мемлекетік білім гранты немесе жеңілдіктер қарастырылған төлем  ақы бойынша оқу.

Бізге түсуге болады:

- ҰБТ немесе кешенді жетілеу нәтижелері бойымен жалпы білім беру мектептерінің түлектері

Оқу мерзімі:

күндізгі оқу түрі - 4 жыл 

Біздің мақсатымыз жан-жақты білікті экология мамандарын дайындау.

  • Бізде оқу - ол келесі мамандықтарды меңгерудің кепілі:
  • Экология және табиғатты пайдалану;
  • Қоршаған ортаның мониторингі;
  • Адам экологиясы;
  • Топырақ экологиясы;
  • Су экожүйелерінің экологиясы;
  • Өсімдіктер, жануарлар және микроағзалар экологиясы;
  • Өнеркәсіптік және ауылшаруашылық экологиясы;
  • Экологиядағы ақпараттық технологиялар;
  • Қоршаған ортаның химиясы;
  • Экологиялық білім беру мен тәрбиесі;
  • Экологиялық құқық.

Тест әдісі 4 пән бойынша жүргізіледі:

  • Қазақ немесе орыс тілі;
  • Қазақстан тарихы;
  • Математика;
  • Биология.

Университетке түскен студенттерге әскери қызметін атқаруы кейінге қалдырылады.

Бізде оқу барысында сіз ғылыми- зерттеу жобаларына қатысып, қолданбалы биология және экологияның   жергілікті мәселелерін зерттеп, іске асыруга мүмкіншілік аласыз.

“Экология” 5В060800 мамандығын игерген түлектер келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:

- ұйымдастырушылық-технологиялық - өндіріс орындарының қызметімен қоршаған ортаның жағдайын алдын-ала бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;           

- өндірісті басқарушылық - бақылау қызметін ұйымдастыру және табиғатты қорғаумен айналысатын мекемелерді басқару;

- ғылыми зерттеу - табиғатты пайдалану және оларды дұрыс қолдануды ұсыну туралы жаңа ұтымды экологиялық әдістер мен технологияларды дамыту;

- білім беру (педагогикалық) экологиялық білім беру, тәрбие беру, қоғамдағы жан-жақты насихаттау

Бұл мамандық бойынша біздің докторлар мен ғылым кандидаттары және басқада ғылыми зерттеу мекемелерінің жетекші ғалымдары дәріс береді.

Сіздердің экология саласында ғылыми мансапқа жетуге мүмкіншіліктеріңіз бар. Биология экология кафедрасында магистратура ашылған.

Түлектерге жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіншіліктер ашылады.

Түлектер мына мекемелерде еңбек ете алады:

- түлектердің, табиғатты қорғау және басқару аумақтарындағы мемлекеттік мекемелерде (табиғат ресурстары және табиғатты пайдалану департаменті, су ресурстары, ауа атмосферасы және жер ресурстары департаменті, табиғи бағдарламалар сараптамасы білімдері, қоршаған ортаны қорғау депортаменті, ұлттық саябақ) маман және сараптаушы болып қызмет ете  алады;

- ғылыми зерттеу және жоба институттарында (ғылым жетекшінің көмекшісі);

- өндірістік кәсіпорындарда (инженер-эколог);

- орта және жоғарғы білім беру мекемелерінде (экология және биология мұғалімі).

5В060800 «Экология» мамандығы бойынша студенттерге

Исимбеков Ж.М.- б.є.д., профессор,

Каманұлы У.- б.є.д., профессор,

Ахметов К.К.- д..б.к., профессор,

Оспанова А.К. - б. є. к., доцент

Нурлина А.Б. - б. є. к., доцент

дәріс оқиды.

Оқу процесін іске асыруға облыстын және қаланың жетекші ұйымдарының және қәсіптердің  жоғары сапалы мамандары шақырылады. Кафедра арнайы зертханалар және керекті қор-техникалық базасымен жабдықталған.

ИСО 9001:2000 сертификаты білім беру әрекетінде сапа менеджмент жүйесіндегі халықаралық стандартқа сәйкес келеді.

IQNet эксклюзивты белгісі  - бүкіл әлемге үлгілі жоғары деңгейлі сапа менеджменті мен өз саласында үздіктіліктің белгісі.

 

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:

140008 Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64 үй

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті,

Химиялық технологиялар  және жаратылыстану факультеті

Биология және экология кафедрасы, кабинет 356.

Қабылдау комиссиясы: тел.  67-36-50, (132а каб.)

Дайындық курстары: тел. 67-36-50



 

Certified
by Russian Register