АГРОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
Агротехнология кафедрасы
5B080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»
(бакалавриат)
5B080200 "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" квалификациясы берілетін "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" мамандығы бойынша студенттерді қабылдау жүргізіледі.
Мамандандырулар:
1) Мал шаруашылығындағы селекция;
2) Малдарды азықтандыру мен күтіп бағудың технологиясы.
Біздің мақсатымыз – мал шаруашылығы үшін жан-жақты мамандарды дайындау.
Мемлекеттік білім гранты немесе келісім шарт арқылы түлектерге тиімді болатын оқу төлемі жүйесі қарастырылған.
Бізге түсуге болады:
- Жалпы орта білім мектебінен ҰБТ және жаппай тесті тапсырған түлектердің нәтижелерінің қорты-ндысы бойынша.
Оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл.
- Орта кәсіби білім беру мекемелерінің (колледж) түлектеріне.
Оқу мерзімі: 3 жылдан кем емес.
Тестілеуде таңдалатын пән - биология.
Тест әдісі 4 пән бойынша жүргізіледі:
- Қазақ немесе орыс тілі;
- Қазақстан тарихы;
- Математика;
- Биология.
Университетке түскен ер адамдар әскери қызметін атқаруды кейінге қалтыруға мүмкіндік алады.
5B080200 "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" мамандығы бойынша студенттер тәжірибенің барлық түрлерін өтіп меңгереді:
- ауылшаруашылығындағы малдардың экстерьерін бағалау әдістері;
- малдардың бонитировка әдістері;
- ауылшаруашылығындағы малдарды көбейтудің тиімді әдістері;
- малдарды азықтандыру мәзірін құру және азықтың сапасын бағалау әдістері;
- мал шаруашылығындағы азықтарды өндіру технологиясы;
- ветеринария негіздері;
Зоотехния бакалавры қызметінің аумағы жан-жақты және өзіне тән ерекшелігі бар.
Олардың міндеттері:
- мал шаруашылығының өнімдерінің өндірісін ұйымдастыру;
- малдарды көбейтудің тиімді әдістері, жаңа түрді алу;
- селекция жұмыстарын жетілдіру;
- малшаруашылығы өнімдерінің сапасын бағалау;
- азықтандыру мәзірлерін құру және өндіріске алдыңғы технологияларды енгізу;
- профилактикалық - ветеринарлық ісша-раларды ұйымдастыру;
- агробизнеспен шұғылдану.
Зоотехния бакалавры малшаруашылығын ұйымдастырушысы ғана емес, сонымен бірге ол экономист, бухгалтер, бизнесмен білімдерін де меңгереді. Мамандық бойынша студенттер мынадай пәндерді оқиды: ауылшарушылық малдарын көбейту, малшаруашылық азықтарын өндіру, қой шаруашылығы, ірі қарамал шаруашылығы, ветеринария негіздері, азықтандыру, акушерство, зоогигиена, аграрлық құқық, маркетинг және т.б. Бұл мамандықтар бойынша дәрістерді университеттің, сондай-ақ облыстың басқа да аграрлық құрылымдарының алдыңғы қатарлы докторлары және ғылым кандидаттары жүргізеді.
Берілген мамандық бойынша түлектердің жұмысқа орналасуына үлкен мүмкіндіктер бар:
- фермерлік және шаруалық қожалықтар;
- өндірістік кооперативтер;
- селекция орталықтары;
- ауылшаруашылық басқармалары;
- дистрибьютор орталықтары және асыл тұқымды өндіру шаруа шылықтары.
Оқу үрдісін жүзеге асыру үшін облыс пен қалалардың басты мекемелері мен ұйымдарынан жоғары білікті мамандар шақырылады.
ИСО 9001:2000 сертификаты білім алудың халықаралық стандарттарының сапалық менеджмент жүйесіне сәйкес келеді.
IQNet эксклюзивті таңбасы әлемде сапалық және компетенттілік менеджменттің жоғарғы деңгейінің белгісі болып саналады.
Өзіңіздің мүмкіндігіңізге және қажеттілігіне қарай ең жақсысын таңдаңыз.
Біз сіздерді күтеміз!
БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
140008 Қазақстан Республикасы
Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64 үй
С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
Агротехнологиялық факультет
ЗООТЕХНОЛОГИЯ, ГЕНЕТИКА ЖӘНЕ СЕЛЕКЦИЯ КАФЕДРАСЫ
Қабылдау комиссиясы: тел. 67-37-73, каб. (А-132а)
Дайындық курстары: тел. 67-36-50
|
Certified
by Russian Register
|