СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІ
«Сәулет және дизайн» кафедрасы
5В010700 Бейнелеу өнері және сызу
Құрметті талапкер!
Сіздің өміріңізде жарқын болашаққа апаратын мамандықты таңдау кезі келді!
Біздің кафедраның профессор-оқытушылар құрамы бакалавриаттың келесі мамандықты таңдауға шақырады :
● 5В010700 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ СЫЗУ
Түлектердің кәсіби қызмет нысандары болып табылады: - әр түрлі оқу орындарында сабақ беру;
- бейнелеу өнері саласында педагогика және психология мәселелерін шешу.
Бейнелеу өнерін оқыту барысында жаңа қатынастар мен әдістемелер әзірлеу. Кескіндеме, графика, мүсін, қолданбалы-әшекейлеу өнері және т.б. бойынша көркемдік туындылар жасау.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- білім беру: әр түрлі типтік оқу орындарында сабақ беру қызметі ұйғарылады;
- мәдени-ағарту: лекциялар оқу, өнер жөнінде әңгіме өткізу, мұражай, галереяларға, сәулет ескерткіштері мен ұлттық мәдени жәдігерлерге экскурсияларға ұйымдастыру қызметі қамтылады;
- өндірістік-көркем: интерьер, экстерьерді көркемдеу, өнеркәсіпорындарында, фирмада суретшілік, баспа орындарында кітап көркемдеушісі қызметтері ұсынылады;
- жобалау-дизайнерлік: интерьер, экстерьер басқа да объектілердің дизайнерлік жобаларын жасау, кәделі және кәсіптік графика саласында жұмыс істеуге бағытталған;
- ғылыми-зерттеу және әдістемелік: бұл жұмыс көркем педагогика, жеке адамның психологиялық дамуы, бейнелеу өнерінің жаңа әдістемелерімен оқыту мәселелерін, өнер бойынша жаңа білім мазмұнының түзілімін жасаудың көкейкесті мәселелерін шешуді қамтиды.
Оқу түрі:
- жалпы орташа білім негізінде: күндізгі - 4 жыл;
- орта кәсіби білім негізінде: сырттай, күндізгі - 3 жылдан кем емес.
Оқу тілі:
- мемлекеттік тіл;
- орыс тіл.
Мамандандыру – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша бакалавр.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар 2 шығармашылық емтихан тапсырады: сурет, композиция.
Ұлттық бірегей тестілеудің балдары келесі пәндер бойынша есепке алынады: Қазақстан тарихы, қазақ (орыс) тілі.
Шығармашылық мамандықтарға өтініштер ЖОО-ның қабылдау комиссиясымен 20 маусымнан 1 шілде аралығында қабылданады. Шығармашылық емтихан шілденің 2 мен 7 аралығында өтеді.
Оқыту мемлекеттік білім гранттарымен немесе ақылы түрде, қарастырылған жеңілдіктермен жүзеге асырылады.
Кафедраның кадр потенциалы
Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Темербаева Жанна Амангелдиевна.
Кафедрада техника ғылымдарының кандидаты, профессор Курманов К.Д., техника ғылымдарының кандидаты, доцент Эм М.А., техника ғылымдарының кандидаты, доцент Булыга Л.Л., ҚР сәулеткерлер одағының мүшелері доцент Каирбеков У.И., доцент Старкова Г.Н., доцент Шкреба Е.В., аға оқытушы Сулейменов Е.Н., аға оқытушы Асылгазина З.М., аға оқытушы Сейтмолдинов Д.Н., аға оқытушы Таниева Ж.Қ., аға оқытушы Ткаченко М.Б., оқытушылар Сербина М.Б., Ережепова А.К., ассистенттер Жукенова Г.А., Жаркумбаева М.М. жұмыс атқарады.
Оқу үрдісі қазіргі заман талабына сай оқу-әдістемелік базада өткізіледі.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті студенттерге кітапхана, интернет-кафе, спорт зал, «Students club» кафесі, студенттер үйі, жастар баспа орталығын ұсынады.
Қабылдау шарттары:
Студенттер мемлекеттік білім беру гранты және оқу төлемдерінің икемді жүйесін қарастыратын келісім-шарт негізінде оқуға қабылданады.
КЕЛЕШЕК СІЗДЕРДЕ!
«Сәулет және дизайн» кафедрасының ұжымы
Біздің университетіміз 2006 жылғы 23 қаңтарда біздің аймақта алғашқы берілген ИСО 9001-2000 сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандартына сәйкес жұмыс істейді, ол №:06.022.026 IQNet сертификатымен расталған.
С. ТОРАЙҒЫРОВ AТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
«Сәулет және дизайн» кафедрасына
Қош келдіңіздер!
Біздің мекен-жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 140008, Павлодар қ., Ломов көш., 64,
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Б1 корпусы
Ак. Чокина, 139 Сәулет-құрылыс факультеті,
«Сәулет және дизайн» кафедрасы, 304 каб.
Телефондар:
СҚФ деканаты: 67-36-34
«Сәулет және дизайн» кафедрасы: 67-36-33
Қабылдау комиссиясы: 67-37-73
Дайындық курстары: 67-36-50
|
Certified
by Russian Register
|