Энергетика факультеті

Радиотехника және телекоммуникациялар кафедрасы

Электронды және телекоммуникация жүйелері саласындағы заманауи әлемдік жетістіктерді меңгеріп, болашаққа нық қадам басайық

5B071900 мамандығы - РАДИОТЕХНИКА, ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР
 

 «Телекоммуникациялар» мамандандыруы

 5B071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы 

Ғылым мен техника салаларының жетістіктерін қолданбай электронды жүйелерімен, радиобайланыс және телекоммуникациялар жүйелерімен айналысатын өмірдің саласын атау мүмкін емес. Бұл салада жетістіктер таң қалдырғандай: жылжымалы және жерсеріктік байланысы, радиохабар және теледидар, компьютер және ақпарат жүйелері, ғаламды Internet желісі – осыларсыз қазіргі өмірді елестету мүмкін емес. Осының бәрі – радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының мамандарының қызметі.

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының мамандарының қызметіне телекоммуникациялар, радиобайланыс, теледидар, радиохабар, радиолокация мен навигация, радиобасқару, жылжымалы байланыс, телевизиялық және дыбыс белгілерін радиоберу мен радиохабарлау, микробақылаушы және микроЭЕМ көмегімен басқарылатын жүйелер мен электронды және компьютерлі жүйелер кіреді.

Осы мамандық түлектерінің кәсіптік қызмет объектісіне:

- байланыс тораптары мен коммутациялау жүйелері;

- көпарналы телекоммуникацилық жүйелер;

- радиобайланыс жүйелері мен құрылғылары, оның ішінде радиорелейлік, жерсеріктік және жылжымалы байланыс жүйелері;

- дыбыс және теледидар хабарларын таратудың, мультимедиялық техниканың жүйелері мен құрылғылары;

- электронды жүйелерді, соның ішінде беріліс объектілерін басқарудың, ақпаратты өңдеу мен жаңғыртудың электронды жүйелерін;

- телекоммуникациялық жүйелерде және тораптарындағы ақпараттық қауіпсіздік құралдарын пайдаланатын мемлекет экономикасының барлық салалары болып табылады.

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласы мамандары қазіргі кәсіпорындардың осы қызмет түрлернің бәрін өткереді. Біздің өңірде олардың біліміне «Казахтелеком» ҰҚ, «Қазақстандық электролизді зауоды» АҚ, «Казэнергокабел» АҚ, «Павлодар мұнай өңдеу зауоды» ЖАҚ тәрізді кәсіпорындарға, радиобайланыс, радиохабар және теледидар кәсіпорындарында қажет.

Қазір елде табыстары тұрақты жылжымалы байланыстың төрт операторы мен жүзден аса телекоммуникация компаниялары жұмыс істейді. Жоғарыда аталған кәсіпорындарда студенттер ұйымдастыру мен пайдалану қызметі дағдыларын меңгеру мақсатында әр түрлі тәжірибелерден өтеді.

Радиотехника, электроника және телекоммуни-кациялар бакалаврының түлектерінің болашағы жарқын. Бұл мамандардың алдында Қазақстан теле-коммуникациясының ұлттық желісін жаңарту мен кеңейту, жаңа талшықты – оптикалық тораптарын салу, жаңа цифрлі АТС–ті іске қосудың маңызды міндеттері тұр. 2020 жылға қарай Қазақстан Жер орбитасына бес байланыс жерсерігін шығаруды болжап отыр, бұл жерсеріктік байланысты дамытуға кең мүмкіншілік береді. Елдің электроэнергетикалық саласын ауқымды жаңарту ішінара заманауи телекоммуникацияларды енгізу және ғаламдық корпоративтік ақпарат желісін құру негізінде жүргізіледі.

Осының бәрін жүзеге асыратын сіздерсіңдер, С. Торайғыров атындағы ПМУ түлектері, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар бакалаврлары.

Энергетика факультетінің «Радиотехника және телекоммуникациялар» кафедрасы 5B071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы студенттерін оқытатын кафедра болып табылады. Білім беру үрдісіне ғылыми, педагогикалық және өндірістік қызметте бай тәжірибе жинаған жоғары білікті оқытушылар қатысады. Олардың арасында әртүрлі ғылыми бағыттар бойынша ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар, доценттер, магистрлер, аға оқытушылар мен ассистенттер бар. Студенттерді оқытуға республика мен ТМД елдерінің басқа жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, саланың озат кәсіпорындарының жоғары білікті мамандары тартылады.

"Телекоммуникациялар»  мамандандыруы"

Бұл мамандық бойынша оқыту мақсаты – белгі беру және қабылдау теориясы, радиобайланыс, автоматтандырылған жүйені, компьютерлік жүйе мен электронды құжат айналымын жобалау, басқару мен сенімділігі, бұқаралық қызмет көрсету жүйелерін модельдендіру, телекоммуникациялық саланы, ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру, менеджмент мен маркетинг саласындағы білімнің негізінде телекоммуникациялық жүйелерді зерттеуге, жасап, пайдалануға қабілетті бакалаврларды дайындау.

Оқу үрдісін жүзеге асыру үшін кафедраның мамандандырылған оқу дәрісханалары мен оқу-зерттеу зертханалары кіретін қазіргі заманғы материалдық базасы бар.

С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері ғылыми-зерттеу жұмысына белсене қатысады. Университетте көп жылдан бері жыл сайын студенттердің ғылыми жұмыстарын қаржыландыру негізінде «Прометей» бағдарламасы өткерілуде.

Бізге оқуға түсе алатындар:

  • ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша орта жалпы білім беретін оқу орындарының түлектері. Оқу мерзімі: 4 жыл (күндізгі) .
  • осы бағыт бойынша білімі бар орта кәсіби оқу орындарының түлектері. Оқу мерзімі: ең кемі 3 жыл.

Оқыту Қазақстан Республикасының мемле-кеттік білім беру гранты бойынша немесе шарт негізінде жүргізіледі. Оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктердің икемді жүйесі көзделген.

Біздің мекен-жайымыз:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 140000, Павлодар қ., Ломов көшесі 64, бас оқу корпусы, 425 ауд.

"Радиотехника және телекоммуникациялар" кафедрасы, тел. 67-36-74

Қабылдау комиссиясы:  67-37-73

Дайындық курстары: 67-36-50


 




Certified
by Russian Register