Toraighyrov university (TOU) – Қазақстандағы ірі университеттердің бірі. TOU тек қана Павлодар аумағында ғана емес, сонымен қатар Республикадағы ғылым мен мәдениеттің білім орталығы болып табылады.

Toraighyrov university 1960 жылы 20 қыркүйекте КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы негізінде, 1960 жылы мамыр айында Павлодар Индустриалды институты (ПИИ) негізінде құрылған. Институт бұрынғы 24-ші әскери училищенің екі казармасы мен 10 бір қабатты барактарында орналасты.Үш факультетте - машина жасау, инженерлік-құрылыс және энергетика факультеттерінде 400 студент оқыды. Дәрісті 16 оқытушы жүргізді, олардың тек біреуі ғана доцент ғылыми атағына ие болды.

Бүгінгі таңда Toraighyrov university – ұзақ жылғы өз тарихы және даңқы бар жоғары оқу орны: осы университеттің қабырғасында жарты ғасырдан астам уақытта мемлекеттің барлық аймақтарына жоғары білікті мамандарды даярлады.

Қазіргі кезде бұл инновациялық типтегі көп салалы университет, аймақтың басты жоғары оқу орны, орасан зор ғылыми орталық, Қазақстан Республикасы және оның аймақтарында өз жаңалықтарымен және жетістіктерімен кең танымал болып отыр.

 2020 жылы коммерциялық емес акционерлік қоғамға ауысуына байланысты университет өз қызметінде академиялық және басқарушылық еркіндікке ие болды, бұл жоғары оқу орнының даму бағытын өз бетінше анықтауға, өзінің білім беру бағдарламаларын дамытуға мүмкіндік береді. Біз өзіміз үшін ЖОО-ның кәсіпкерлік түрін таңдадық. Бизнестің, биліктің және ғылыми қоғамдастықтың өзара қауымдастығы – стратегиялық мақсаттарға және қалыпты дамуын қамтамасыз етуге қол жеткізуге мүмкіндік беретін негіз болды.

Toraighyrov university жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, «Қуатты ЖОО – Қуатты өңір» бағдарламасын белсенді жүзеге асыруда. Бүгінде біздің көптеген ғалымдарымыз облыс, қала және аудан әкімдіктерінің жобалық кеңселерінің жұмысына белсенді тартылған, бұл ЖОО-ның ғылыми-техникалық әлеуетін өңірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Биліктің, ғылым мен бизнестің үшжақты өзара қарым-қатынасы түлектерді табысты жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.

Toraighyrov university Павлодар облысындағы оқу орындары арасында білім алушылар саны бойынша да, көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасы бойынша да даусыз көшбасшы болып табылады. Жоғары оқу орны бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның 150 мамандығы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде әртүрлі бағыттағы жоғары кәсіптік білім беретін мамандарды дайындайды.

Университетте ғылыми-зерттеу жұмысы 28 кафедра мен 5 ғылыми-практикалық орталықтарда, "Ертіс" ғылыми-технологиялық паркінде, өңірлік инновациялар және технологиялар трансферті орталығында, студенттік ғылыми орталық базасында жүргізіледі. Университетте дуальды оқыту белсенді жүзеге асырылуда, бұл кәсіпорын қызметкерлерінің өздері жүргізетін практикалық және зертханалық сабақтарды өндіріске аударуға мүмкіндік береді.

Әріптестер арасында Қазмұнайгаз, «ERG» тобы, Мұнай-химия және ферроқорытпа зауыттары, Электролиз және алюминий зауыттары, сондай-ақ «Победа» және  «Пахарь» атты ірі аграрлық кәсіпорандары бар.

Жыл сайынғы жалпы рейтингке сәйкес, Toraighyrov university Қазақстанның үздік көпсалалы университеттері арасындағы көшбасшылардың бестігіне кіреді, 2020 жылы университет QS 1000+ әлемдік рейтингіне кірді.

Toraighyrov university – әлемдегі классикалық университеттердің Болондық хартиясының, LAESTE студенттік машықтану бойынша алмасу халықаралық қауымдастығының, Сібірлік ашық университет қауымдастығының, Қазақстан жоғары оқу орындар қауымдастығының және Шанхай серіктестік ұйымының мүшесі.

Toraighyrov university жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: энергетика және энергоүнемдеуші технологиялар, құрылыс, машинажасау, педагогика, психология облысындағы зерттеулер, экологиялық мониторинг, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, аймақтың экономикалық мәселелері, кадр дайындау мен жоғары мектептің әлеуметтік лингвистикалық және лингвомәдениеттік мәселерін зерттеу.

 

Басқарма

1. Басқарма Төрағасы-ректор - Садықов Еркін Тоқмұхамедұлы

2. Басқарма Төрағасының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары - Ержанов Нұрлан Тельманұлы;

3. Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі - проректор - Быков Петр Олегович;

4. Басқарма Төрағасының әкімшілік, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары - Шахман Ертарғын Тойғанұлы.

 

ToU-ға қалай баруға болады

Университеттің электрондық телефон анықтамасы

 

 
УНИВЕРСИТЕТТІҢ ПАСПОРТЫ

АТАУЫ

«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Қысқартылған атауы

 «Торайғыров университеті» КЕАҚ

Құрылған жылы

1960

Куәліктер, лицензиялар

2020 жылғы 07 шілдедегі № 17462-1945-АО заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама

Факультеттер

«Торайғыров университеті» КЕАҚ – да 8 факультет, 28 кафедра, инновациялық-технологиялық паркі, талант-менеджменті орталығы, ғылыми-практикалық орталықтар, жоғары колледж жұмыс істейді.

Мамандарды даярлау

174 білім беру бағдарламалары оның ішінде:

86-бакалавриат                                                 (оның ішінде 12 инновациялық)

73-магистратура

15-докторантура.

Институционалдық аккредиттеу

Куәлік АА 0124 20.12.2018 ж.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR).

Куәліктің қолданылу мерзімі:

20.12.2018-19.12.2023 ж.

Білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аккредиттеу (ББ)

 

 

Білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аккредиттеу (ББ)

ARQA 5 (ББ), оның ішінде: магистратураның 3 (ББ), доктантураның 2 (ББ)

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) 37 ББ, оның ішінде бакалавриаттың 18 ББ,  магистратураның 15 ББ, докторантураның 4 ББ.

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік (IQAA) 76 ББ, оның ішінде: бакалавриаттың 33 ББ, магистратураның 39 ББ, докторантураның 4 ББ.

KAZSEE 21 ББ, оның ішінде бакалавриаттың 10 ББ , магистратураның 7 ББ , докторантураның 1 ББ.

СМЖ

Куәлік № 21.0419.026 30 наурыз 2021 ж. «Русский Регистр» сертификаттау қауымдастығы. Сертификат 23 жылдың 2024 қаңтарына дейін жарамды.

Инфрақұрылым

 

Университет инфрақұрылымына кіреді:

5 оқу ғимараты, жалпы ауданы 44 460, 7 ш. м.;

3 жатақхана;

акт залы;

Beisembayev Library ғылыми кітапханасы;

технопарк;

спорт орталығы;

стадион;

спорт залы;

медицина орталығы;

әскери кафедра;

«Торайғыров университеті»  жоғары колледжі.

Білім алушылар контингенті

8967 адам, оның ішінде

бакалавриат – 8313

магистратура – 593

докторантура - 61

Профессор-оқытушылар құрамының контингенті

ПОҚ барлығы 587 адам, оның ішінде штаттық– 510,

сапалық көрсеткіші – 48 %.

докторлар -26, кандидаттар-172,  PhD-88

Халықаралық ынтымақтастық

«Торайғыров университеті» КЕАҚ АҚШ-тың 120-ден астам шетелдік білім беру және ғылым мекемелерімен табысты ынтымақтастық жасайды, Ұлыбритания, Ресей, Түркия, Германия, Латвия, Италия, Болгария, Польша, Беларусь, Украина, Венгрия және басқа елдер.

Ғылыми қызметі

«Торайғыров университеті» КЕАҚ-да 77 оқу зертханасы, 6 диссертациялық Кеңес, жас ғалымдар кеңесі жұмыс істейді

Орналасқан орны

Казақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Ломова көшесі, 64.

Сайт

www.tou.edu.kz

E-mail:

pgu@tou.edu.kz

 

"Торайғыров университеті" реквизиттері

  • Павлодар қ., Ломов к-сі, 64 үй, 140008
  • Тел.: 8(7182) 67-36-85, факс: 8(7182) 67-37-02