Торайғыров университетінде «Nur Otan» партиясының саяси жетекшілері мен жергілікті өкілетті органдарының басшыларына арналған тиімді коммуникациялар бойынша семинар өтті.

Курс шеңберінде қатысушылар бұқара алдында сөз сөйлеу, саяси этиканың толық циклын қарастырды. Олар жеке бренд және репутациялық менеджмент, түрлі мақсатты аудиториялармен коммуникация құру мәселелеріне толығырақ тоқталды. Пікірлер қалай қалыптасады, ақпараттық шабуылдарға төтеп беру турасында да сөз қозғалды.

Сарапшылар Павлодар облысының мұнай-газ және металлургия салаларының даму преспективалары мен трендтері туралы айтып берді.