Жуырда Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика бойынша чемпионаты өтті.
Торайғыров университетінің студенттері үздік нәтиже көрсетті.
Диана Гейнц көпсайыс бойынша күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, ұзындыққа секіру бойынша өткен ҚР Кубогында 5 м 45 см нәтижесімен екінші орын тұғырынан көрінді.
Артем Добромыслов пен Сергей Степановский екінші орынды жеңіп алды.
Артем Селюков эстафеталық жүгірісте үздік нәтиже көрсетті. 1 минут 30 секунд нәтижесінде Артем үздік үштіктің қатарына енді.