Торайғыров университетінің алты профессоры 2020 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауында жеңіске жетті.

 

 

Салтанат Әубәкірова, Руслан Мұқанов, Айнагүл Қалиева, Жанар Мусина, Софья Масакбаева және Лязат Толымбекова гранттарға ие болды.

Олар ғылыми зерттеулерін металлургия, машина жасау, мәдениеттану, биология және химия салаларында жалғастырады.

Мәселен, «Көліктік техника және логистика» кафедрасының аға оқытушысы Р. Мұқанов ішкі жану двигателінде био жанар-жағармайды қолданудың тиімділігі мен экологиялық қасиеттерін зерттеуді Кастилья Ла-Манча университетінде жүргізбек.

Профессор-химик С. Масакбаева өндірістік кәсіпорындардың қалдықтарын қайта өңдеу мәселесін зерттеуде.

«Биология және экология» кафедрасының меңгерушісі А. Қалиева паразитология бойынша электронды оқу құралын басып шығарады, сонымен қатар, қоршаған ортаның биологиясын Ноттингем университетінде зерттейді.