Торайғыров университеті мен АҚШ-тың Индиана Пердью университеті STEM ағылшын тілі мен академиялық жазба салаларында оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша жобаны жүзеге асыруда.

Қазақстандағы АҚШ Елшілігі қаржыландыру аясындағы өзара байланыс UniCEN аясында қолға алынды. Біздің университет пен Индиана Пердью (АҚШ) арасындағы серіктестік гранты Америка Кеңесі жариялаған байқауының бес финалисінің біріне айналды.

Консорциумға кірген Торайғыров университеті мен өзге қазақстандық оқу орындарының мамандары STEM ағылшын тілі мен академиялық жазба салаларында біліктіліктерін арттырады.

STEM шеңберінде білім беру үрдісінде  ғылыми құбылыстарды визуализациялау арқылы білімді қолжетімді және қарапайым әдіспен меңгеру көзделген. Бұл әдіс арқылы білімдер оңай қабылданады.