Қазақстан студенттері Альянсының павлодарлық штабы мен Торайғыров университетінің жанындағы филиал белсенділері «Чувак с табличкой» трендіне қосылуды ұйғарды. инстаграммдағы адам қалаған.
Жастар әлем елдерінде болған челленджді қайталады. Челлендж барысында жас азамат қолына плакаттар алып, ұнатпайтын нәрселеріне шағымданады. Акцияның негізін @dudewithsign атты
инстаграммдағы адам қалаған.
- Облысымызда карантин режимі ұзарған сәт осы идея пайда болды. Біз өңір халқы, студенттерге қатысты шынайылықты көрсеткіміз келді.
«ZOOM-ға кірмедің, стипендиясыз қалдың», «Карантин ұзартылды ма? Ештеңе етпейді! ТЯУ ТЯУ ТЯУ», «Әлеуметтік қашықтық чаттан шығып кетті» жазбалары көңілден шықты. Бұл жерде адамдардың санитарлық талаптарды орындамайтынын көрсеткіміз келді», – дейді «Қазақстан студенттері Альянсы» Павлодар филиалы мен Торайғыров университеті жанындағы филиалдың көшбасшысы Ажар Аманжолова.
Жастар алты плакат дайындап, қаланың түрлі орындарында суретке түсті.