Магистрант-философ Әлібек пен екінші курс студенті, болашақ технолог Мөлдір осы наурыз айына үлкен жоспарлар құрған. 25-і күні Әлібек сүйіктісін үйінен әкетіп, той жасамақ болған еді.

- Қазақ халқының дәстүрлерін бұлжытпай сақтаймыз. Сондықтан, алдымен сырға салу рәсімін өткіздік. Сырғасалу салтын 25-ші наурызда өткізуді жоспарладық.

Қуанышымызбен бөлісу үшін шағын тойға туыстарымызды шақырдық. Енді пандемия салдарынан тойымызды белгісіз мерзімге шегердік, - дейді Әлібек Қабылда.

Жастар өткен жылдың қарашасында танысты. Әлібектің айтуынша, ол Мөлдірге бірдан ғашық болып, өмірлік жары болатынын түсінген.

- Мен оны бұрыннан білетінмін. Бірақ, жақынырақ танысуға қорқақтадым. Кейін бір байламға келіп, Мөлдірмен таныстым. Біз алдымен күні-түні хат жазысып жүрдік. Бірнеше күннен кейін VelvetBurger жеріне алғашқы кездесуге шақырдым. Сол сәтте кездесіп отыруға ұсыныс жасадым. Үш айдан соң оған өмірлік жар болуға ұсыныс жасадым. Ол келісті, - дейді Әлібек.

Дәстүр бойынша Мөлдір туған ұясынан ұшырылуы тиіс. Бірақ, төтенше жағдай кезінде жастар жиі кездесе алмайды. Қыдыруға барғанда маска киюлері керек. Енді төтенше жағдай шешілсе деген тілек білдіріп отыр.

Жағдай тұрақтанған соң, олар үйлені рәсімін өткізбек ниетте.