"Сладкий дождь", "Солнце улыбается тебе", "Сенің түнгі күнің", "Путь врача", "Степь и судьба" кітаптарларының авторы Жан Ақжанов С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті.

Ж. Ақжановтың айтуынша, оның шығармалары жемқорлыққа қарсы-көркем әдебиет жанрында жазылған және автор өзі тап бооған әлеуметтік жағдайлар көрініс тапқан.

Ашық диалог барысында жиналған студенттер жемқорлықтың неден басталатыны, неліктен таралатыны туралы пікірлерін айтты. Сонымен қатар, әлемдік классика үлгілерін оқу керектігін жеткізді. Жазушының ойынша, жастар өздері бастама көтеріп, жаңа идеяларын жүзеге асырудың басында болу керек.

"Менің ойымша, сыбайлас жемқорлық адамның патриот болмауынан басталады. Патриот жан заңды бұзуға бармайды және пара бермейді. Себебі, өз отаны, отандастары үшін жауапкершілікте",- дейді Жан Ақжанов.