С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде білім және ғылым бағытындағы жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы жетекшісінің орынбасары, э.ғ.д, профессор, ҚР ҰИА-ның академигі Гүлбазар Медиеваның семинары өтті.

Жиналған қауым алдында университеттің ғылыми жұмыс пен инновациялар жөніндегі проректоры, б.ғ.д. Нұрлан Ержанов сөз алды.

Шараға ПМУ студенттері, ғыламдары мен орталықтың сарапшылары қатысты. Кездесу барысында «жасылл эконмоиканы» дамыту мәселелері қарастырылды.

Г. Медиеваның айтуынша, Павлодар облысында ірі өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындар шоғырланғандықтан, өңірге келудегі басты мақсат қоршаған ортаға зиянды азайтуға мүмкіндік беретін қолжетімді технологияларды дамытуға атсалысу.

Шара барысында геотермалды энергияны қолданы мәселесі қарастырылды. Бұл бағытта жер қойнауының жылу энергиясы пайдаланылып, электр энергиясы өндіріледі.