С. Торайғыров атындағы ПМУ 26 оқу бағдарламаларының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктегі мамандандырылған аккретитациясы шеңберінде 2019 жылдың 29-30 мамырында университетке сыртқы сарапшылық комиссия жұмыс сапарымен болды.

Екі комиссияның құрамынд Мәскеу (Ресей), Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар және тағы басқа қалалардың 19 жетекші ұлттық және халықаралық сарапшысы енді.

Білім беру бағдарламаларының бірінші кластері бойынша сарапшылық топқа Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің доценті, «Көліктік техника және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы Қабыкенов Сапар Жомартұлы жетекшілік етті.

Екінші сарапшылық топқа техника ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті есептік техника кафедрасының профессоры Атанов Сабыржан Кубейсинұлы жетекшілік етті.

Сапар барысында сарапшылар университеттің инфрақұрылымы, академиялық, ғылыми-зерттеу, тәрбие және әлеуметтік жұмысымен танысты. Комиссия мүшелері сабақтар мен емтихандарға қатысып, білім беру үрдісінің стейкхолдерлері – профессорлық-оқытушылық құрам, жұмыс берушілер, студенттер мен оқу орнының түлектерімен сұхбаттасы.

Сарапшылар, сонымен қатар, аккретиацияланатын білім беру бағдарламаларының базаларында болды («Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, Г. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі).

Сапар нәтижесі бойынша сарапшылық топ қорытынды шығарады. Нәтижелер аккредитациялық кеңестің қарауына беріледі.