С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде философия ғылымдарының кандидаты, философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Степан Васильевич Невмержицкий 80 жылдық мерейтойын атап өтті.

Мерекелік шараға ПМУ ректоры, философия ғылымдарының кандидаты Гаухар Ахметова, Степан Васильевичтің әріптестері, түлектер мен студенттер қатысты.

Г. Ахметова құттықтау сөзінде мерейтой иесіне университет қабырғасындағы көп жылдық еңбегі үшін алғыс айтып, Степан Васильевичтің жарты ғасырдан астам өмірі ғылыми қызметпен тығыз байланысты екенін атап өтті.

«Философияны үйрететін философтар және философияға сәйкес өмір сүретін философтар бар. Степан Васильевич үшін философия - өмір салты. Оның өзінің өмірге деген дүниетанымы, қағидаттары мен идеялары бар. Сондай-ақ, Степан Васильевич талап қоюдың үйлесімділігі мен пәнге деген белгілі бір құрметін сақтай отырып, әрдайым барлығын студенттің пайдасына шешуге тырысатын талантты педагог», - деді Гаухар Ахметова.

С. Невмержицкий әріптестер мен студенттер арасында үлкен беделге ие. Бүгінгі таңда ол философия, философия және ғылым тарихы, риторика және шешендік өнер бойынша дәрістер оқып, өз тәжірибесімен бөлісуді жалғастыруда.

Сонымен қатар, ғалым 50-ден астам мақалалар мен құралдардың авторы. Оның ғылыми жетекшілігімен көптеген дипломдық және магистрлік жұмыстар қорғалды.