С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жемқорлыққа қарсы заңнаманың құрылғанына 20 жыл толуына орай академиялық адалдық және инабаттылыққа арналған бірыңғай сағат өтті.

Ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы  жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік істер қызметі  жөніндегі Павлодар облысы бойынша департаменті мен білім беру басқармасы, облыстың жоғарғы оқу орындары. 

Жас ұрпақтың алдында стратегиялық даму, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор,  саясат ғылымдарының докторы Арман Ақышев, заң ғылымдарының кандидаты Серік Бестемиев және заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Болат Олжабаев сөйледі.

Кездесу барысында қолданыстағы 2015–2025 жылдарға арналған ҚР Жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және жетілдіру,  «100 нақты қадам» Ұлт жоспары талқыланды. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі заманғы білім беру саласындағы маңызды міндет жастардың бойында заманауи құқықтық мемлекетте  жемқорлықта қабылдамау сезімін  қалыптастыру болып табылады.  

Қазақстан Республикасы  жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік істер қызметі  жөніндегі Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының м.а. Гүлмира Қабиеваның айтуынша, ең беделді Transparency International ұйымының жемқорлықты қабылдау тәуекелін бағалау бойынша соңғы жылда Қазақстан өз көрсеткішін 9 позиция мен 2 баллға жақсартқан.