С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған лекция болып өтті.

Шараны ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілдері ұйымдастырды. Шараға Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, ф.ғ.к Гаухар Ахметова және университеттің оқытушылар құрамы қатысты.

Жиынға қатысушылар алдында облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысының орынбасары Тыныштық Жүсіпов сөз сөйледі. 

Ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі қағидаттары туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, халықтың құқықтық сауаттылығы, азаматтық сана мен халықтың әлеуметтік белсенділігі - еліміздің әлемнің  дамыған 30 елінің қатарына кіруге мүмкіндік беретін алғышарты екенін атап өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыруға арналған бейне материалдар көрсетілді.

Дәріскер қызмет барысында сыйлық беру мәселесіне ерекше назар аударды. Егер 2 АЕК жоғары болса онда жемқорлыққа  жататынын атап өтті. Сонымен қатар ақша ұсынған адам төрт жүз мың (600 АЕК) теңге көлемінде айыпбұл салатынан және оны алған адам заң бойынша бас бостандығынан айырылатынын атап өтті. Ал, сыбайлас жемқорлықтың алдын алған адам оның күрделілігіне қарай 30-дан 100 АЕК-ке дейін мөлшерде сыйақы алуға құқылы.