С.Торайғыров атындағы ПМУ-да «Жемқорлық туралы 45 минут» республикалық акциясы аяқталды.

Ұйымдастырушылар ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды Халық шаруашылығы университетпен бірлесіп жүзеге асыруда.

Шара барысында заң ғылымдарының кандидаты, профессор Серік Бәстемиев және Болат Олжабаев шығып сөз сөйледі.  

Болат Қайроллаұлы сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептері мен онымен күресудің әдіс-тәсілдерін сөз етті. Сонымен қоса, жемқорлыққа қарсы қылмыстық және әкімшілік заңнаманы жетілдіруге ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтты.

«Жас жеткіншектердің санасына азаматтық жауапкершіліктің не екенін сіңіру керек. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту қажет және қоғамда осыған байланысты кез-келген оқиғаға нөлдік төзімділікті қалыптастыру қажет», - деді Б.Олжабаев.

Қорытындысында атап өтілгендей, қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат "Түсіндіру – алдын алу – жазалау» бағытына негізделеді.