С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің агротехнологиялық факультетінің студенттері Германияның «DEULA-Nienburg» ауылшаруашылық академиясының оқу орталығында тәжірибеден өтті.

Тәжірибе барысында Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері Германияның агрономиялық және мал шаруашылығы кешендерімен, олардың ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алды.

Университет 2013 жылдан бастап қазіргі заманғы агробизнестің жаңа технологияларын меңгерген. Ауыл шаруашылық техникасының жаңа модельдерімен танысатын оқу орталығымен тығыз жұмыс істейді.

Тәжірибенің бірінші кезеңіне 20 адам қатысты. Екінші кезеңді Германиядан келген мамандар өткізді, онда тек жеті үміткер ғана қалды.

Шетелдік жұмыс берушілер сутеденттерге жұмыс істеуге деген ынталы болу, шет тілін меңгеру және белгілі бір нәтижеге ұмтылу секілді бірнеше факторларды ескертті.

- Біздің студенттеріміз өздерін жақсы жағынан көрсете алды. ПМУ-дың атын абыроймен қорғап, білім деңгейімізді дәлелдедік. Тәжірибе барысында біздің басқа елдің өкілдерінен ерекшеліктерімізге байланысты Германияда қалуымызды ұсынды, - дейді ПМУ студенті Диана Мұратхан.

Сонымен қатар, біздің студенттер ол елдің аграрлық саласының жай-күйін бағалап, соңғы заманның техникаларымен жұмыс істеуді және соның ішінде компьютерлендірілген басқаруды қолдануды үйренді.