«Кампус №1» - жатақхана

(Кампус №1, Толстой көшесі 101), үш блокқа бөлінген бес қабаттан тұрады. Барлығы 162 бөлме. Бүгінгі күні № 1 кампуста 360 орындық төсек-орын бар. Жатақханадағы орындармен бірінші кезекте қоғамның әлеуметтік осал топтарынан студенттер, грант бойынша оқитын студенттер қамтамасыз етіледі, сондай-ақ орналасу кезінде Қазақстанның басқа өңірлерінен және шет елдерден келген студенттер басым құқықты пайдаланады. Жыл сайын университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қаоған балалар санатына жатқызылатын студенттер мен 1,2 топтағы мүгедектер тұру төлем ақысынан босатылады.​

 
 

Жатақханада студенттердің бос уақытын ұйымдастыру үшін проекциялық теледидармен жабдықталған мәжіліс залы, кітапхана, компьютерлік сынып, спорттық құралдармен жабдықталған тренажер және теннис залдары жұмыс істейді. Кампустың аумағында жазғы спорт стритбол алаңдары, турник, швед қабырғасы, жыланша орнатылды. Студенттерге арналған оқу сыныбы жұмыс істейді. Оқу залы бар. Кампус тәулік бойы күзет пен бейнебақылаумен қамтылған. Кампус аумағы абаттандырылған: орындықтар орнатылып, гүлдер отырғызылды.

                                                                                                                                         

                                                                                                                                           «Кампус №2» - жатақхана

№ 2 кампус 2015 жылдың 20 қазанында пайдалануға берілді. Орналасқан мекен-жайы: Академик Шокин көшесі 139/1. № 2 кампус барлығы 500 төсек-орынға есептелген, 220 бөлме бар. Әр бөлме жуыну бөлмесі мен санитарлық тораппен, ас үй бұрышында екі канфорлы тоқ плитамен, қажетті жиһаз, кереуеттер, кітап сөрелері, үстелдер, орындықтармен жабдықталған.

Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру үшін Wi-Fi, холда OTAU TV спутниктік хабар тарату теледидары орналасқан, компьютерлік сынып бар.

 

 

Тұрғындар үшін кір жуатын бөлме жұмыс істейді. Кампус тәулік бойы күзеттің бақылауында, жатақхана ішінде және оған іргелес аумақта бейнебақылау камералары орнатылған.

Вахтада электрондық-өткізу жүйесі орнатылған. Вахтаға дабылды шығаратын өрт дабылы жүйесімен жабдықталған. Дыбыстық хабарландыру жүйесі орнатылған. №2 кампустың аумағында 80-нен астам бейнебақылау камералары бар, бұл вахтерлер мен күзетшілерге тәулік бойы бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Барлық тұрғын бөлмелер мен жалпы пайдалану орындарында заманауи автоматты өрт дабылы орнатылған. Тұратын студенттермен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және ТЖ кезінде іс-қимылдарды пысықтау бойынша тұрақты түрде жиналыстар өткізіледі.

Жатақханадан орын ең алдымен келесі санаттағы студенттерге беріледі:

1) жетім және қамқорсыз қалғанған студенттер

2) мүмкіндігі шектеулі студенттер

3) көп балалы отбасынан шыққан студенттер (18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп бала)

4) күнкөрісі төмен отбасынан шыққан студенттер

5) толық емес отбасынан шыққан студенттер

6) басқа қаладан келген студенттер

 

Подать онлайн заявку