2013 жылдың 12 сәуірінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жас ғалымдардың, студенттер мен мектеп оқушыларының «ХІIІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясы салтанатты түрде ашылды.

Конференцияның салтанатты ашылуы С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың алдындағы естелік аллеясында орнатылған Қаныш Сәтбаев мүсініне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.

Аталмыш іс-шараны ашқан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев жас ғалымдарды жылы қарсы алып, осындай аймақтық маңызы бар ғылыми шараға қатысқаны үшін алғысын білдірді.

«Бүгінгі таңда қазақстандық өнеркәсіптің барлық салалары, соның ішінде техникалық ғылымдар да қарқын алып дамуда. Сондықтан академик Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасын сақтау және өркендету – біздің азаматтық және кәсіби парызымыз», – деді Серік Мәуленұлы.

Конференция барысында құрметті қонақ ретінде шақырылған Катовицадағы (Польша) Экономикалық университетінің профессоры Стефан Дырка өз баяндамасын ұсынды.

Сонымен қатар, конференцияға Павлодар өңірінің ірі ғалымдары қатысты.

Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, атақты жерлесіміз Қаныш Сәтбаевты еске алуға арналған Халықаралық Сәтбаев оқулары облысымызда 2000 жылдан бері өтіп келеді.

Конференцияның өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік мәні, жас ғалымдардың ғылымның әртүрлі салаларына қызығушылық танытуына және олардың ғылыми тәжірибе алмасу арқылы рухани өсуіне жол ашуда маңызы зор.

ХІIІ Сәтбаев оқуларына Қазақстан, Ресей, Белоруссияның 15 қалаларынан (Астана, Алматы, Семей, Павлодар, Тараз, Мәскеу, Омбы, Минск және т.б.) келген жас ғалымдар, студенттер және оқушылар қатысты. Конференция жұмысы гуманитарлық, техникалық және жаратылыс бағыттар бойынша 27 секция және секция бөлімшелері бойынша жүргізілді. Конференцияға жіберілген 1976 ғылыми баяндамалар 20 жинақта басылып шықты.

Конференцияға келген жас ғалымдардың көбісі халықаралық дәрежедегі ғылыми шараға алғаш рет қатысып отыр. Жалпы, жылдар бойы конференция жұмысы жас қатысушылардың ғылыми өсуі үрдісін көтеруде, бұл шара ғылым саласындағы жетістіктерді одан әрі дамытудың мәре алаңы болып табылады.

Сол күні сағат 16.00-де С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің концерттік залында «ХІIІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясының салтанатты жабылу рәсімі өткізілді. Барлық қатысушылар қатысу туралы арнайы сертификаттарға ие болды. Конференцияның ең үздік жас ғалымдары дипломдар және аса бағалы кітаптармен марапатталды.

Конференция жабылуында Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күніне орай ПМУ-дың аса көрнекті оқытушылары құрмет грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Конференцияның еліміздің Ғылым қызметкерлері күні өткізілуі де тегін емес. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы Жарлығына сәйкес 12 сәуір Ғылым қызметкерлері күні болып аталды.