2013 жылдың 14 ақпаны Кеңес әскерiнiң Ауған жерiнен шығарылған күнiнің қарсаңында ауған соғысының ардагерлері Малик Супахунов пен Марат Есенов С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері, солардың ішінде «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділерімен кездесті.

15 ақпан Ауған соғысы ардагерлерi үшiн естен кетпес ерекше күн. Дәл осы күнi Кеңес әскерiнiң Ауған жерiнен қайтару туралы үкiмi шыққан едi. Он жылға таяу уақытқа созылған қанды қырғын осы күнi тоқтаған болатын. Ауғаныстанның халқы пен үкіметіне ағайындық интернационалдық көмек көрсеткен Кеңес Одағының әскерлерінің Отанын қорғау, елінің қорғанышы болып қатарынан қалмау деген бар арман-мақсаты болған еді.

Он жылға созылған соғысқа Павлодар облысынан 1098 әскері қатысты.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өткен аталмыш кездесуге аса қадірлі қонақтар ретінде қатысқан ардагерлер Малик Супахунов пен Марат Есенов ПМУ студенттеріне Ауған соғысында көп болып жататын күтпеген қайғылы жайлар, қаза болған боздақтар жайлы әңгімеледі. Сонымен қатар, ПМУ студенттері ерекше ерлік үшін ардагерлерге алғысын білдірді.