2011 жылдың 23 қазаннан бастап 30 қазанға дейін С.Торайғыров ат. ПМУ-не Оломоуц қаласындағы Палацкий атындағы Университеттің профессоры, математика ғылымдарының докторы Томас Здрахал іссапармен келді.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрілігінің шетел оқытушыларын тарту бағдарламасының жүзеге асыру шеңберінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі Халықаралық ынытмақтастық департаменті шетел оқытушылардың іссапарын ұйымдастыру жөнінде көптеген жұмыс атқарады.

Здрахал мырза университеттің физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің  профессорлық-  оқытушылық құрамына, магистранттарға және студенттерге дәріс оқыды.  

Кафедраның оқытушыларымен жүргізілетін ғылыми зерттеулердің тақырыбы бойынша математика кафедрасында дискуссиялар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Бұл профессордың Қазақстанға бірінші сапары болғандықтан, оны мәдениетпен, салт-дәстүрмен, қаланың сәулет-құрылысымен таныстыру мақсатында Халықаралық ынтымақтастық департаменті Павлодарда экскурсия ұйымдастырды және қаланың маңызды көрікті жерлері көрсетілді. Т. Здрахал жылы қарсы алып қонақжайлық көрсеткен үшін көп рахмет айтты және біздің университетпен әрі қарай мықты ынтымақтастықты нығайтуға ниетін білдірді.