«Оқу кітапхананың жұмысын ұйымдастыру», «Кітапханалы-библиографиялық үрдістерді автоматтандыру» тақырыбында оқу кітапханалардың кітапхана жұмыскерлері үшін жыл сайын С. Торайғыров атындағы ПМУ біліктілікті жоғарлату факультеті курстар ұйымдастырады.

Биылғы жылы біліктілікті жоғарлату курстары 2011 жылдың ақпанның 14-нен 19-на дейін болды.

«Қазіргі кітапханалар жұмысын ұйымдастыру» оқыту бағыты бойынша кәсіби лицейлер, колледждер, ЖОО-дағы кітапхана жұмыскерлері үшін курстар бағдарламасын әзірледі, Павлодар облысындағы кәсіби білім беру ұйымы кітапханалар үшін С. Торайғыров атындағы ПМУ С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхана облыстық методикалық орталық болып табылады.

Курстар кітапханалық білімі бар қызметкерлерге,  кітапханалық білімі жоқ кітапханашыларға, бірақ бір жылдан кем емес кітапхана жұмыс өтілі барларға есептелген.

Павлодар қ., Екібастұз қ. оқыту кітапханаларында 20 қызметкер курстарға қатысты.

2011 жылдың сәуір айында кітапхана жұмыскерлері үшін келесі курс сабақтары жүргізіледі.

Курстарға оқып үйренгісі келетін барлық қалаушыларды, сонымен бірге көпшілік кітапханалардың кітапханашыларын біздің сабақтарға шақырамыз. Қосымша ақпаратты 67 – 34 – 86 телефоны арқылы алуға болады.