С. Торайғыров атындағы ПМУ магистранттардың Прага қаласында, Чехия, Прага даму орталығындағы (PRADEC) ғылыми сынақ мерзімін өткізу туралы.

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі біліммен жоғарғы білікті мамандарды дайындау үшін және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жобасын орындау мақсатында, Халықаралық ынтымақтастық департаменті, жасалған келісім шарттар шеңберінде,  2010 жылдың 2-ші мамырынан 2010 жылдың 8-ші мамырына дейін Прага даму орталығына (PRADEC) С.К. Байгабылова - Халықаралық жобалар мен бағдарламалардың жоғарғы білікті маманы және Ж.Н. Матенова - Халықаралық ғылыми-мәдени бөлімінің бастығының басшылығымен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемелекеттік университетінің 19 адам құрамындағы магистранттар тобының ғылыми сынақ мерзімін Чех Республикасы, Прага қаласында өткізді.

Сынақтан өту мерзімі аралығында магистранттар «Инновациялық білім және ғылым: Еуропа тәжірибесі және келешегі» халықаралық оқу курсын оқып білді.

Осы курстың негізгі бағыттары:

-    Чех Республикасының инновациялық инфраструктурасы. Университеттердің ролі.

-    Қаржы дағдарыс және инновация: ықпал ету және әрекеттестік;

-    Білім беру мекемелерде ғылыми қызметі. Еуропаның тенденциясы және келешегі;

-    Білім беру үлгісі және стратегиясы. Мемлекеттік және жеке меншік жоғарғы оқу орындар;

-    Қазіргі заманғы университеттердің әлеммен байланысы. Moodle системасы;

-    Институционалды ынтымақтастық және интеграция;

-    Технология трансферы.

Магистранттарға шетел дәріс берушілермен дискуссияға белсенді қатысуға мүмкіншілік берілді. Дәрістерді оқу үшін келесі PhD докторлары шақырылды: профессор Георгий Хачиев (ICME), Орифжан Намозов (PRADEC директоры), Петр Хайек (Юникорн колледжі), Pavel Prochazka (NTL), Martina Červenková (Дрезден техникалық университеті), Jan Čadil (Юникорн колледжі). Магистранттарға жазып жүрген диссертациялық зерттеу тақырыбтарына сәйкес рекомендациялар берілді. 

Білім беру жүйесімен танысу мақсатында шетел университеттерде (Drezden Technical University, Unicorn College), ғылыми орталықтарда (Technology Center AS CR, Technology Innovation center under Czech Technical University) кездесулер өткізілді. Сонымен қатар диссертациялық зерттеулердің тақырыптары бойынша материалдарды жинау үшін Pavel Prochazka кітапхана өкілінің қатысуымен Мемлекеттік техникалық кітапханада таныстыру семинары өткізілді. Мемлекеттік техникалық кітапхана – бұл Чехиядағы техникалық әдебиеттің ең үлкен жаңа кітапханасы.

Сынақ ісі мерзімінің соңында магистранттарға халықаралық үлгідегі куәліктер және топ басшыларына Прага даму орталығының дипломдары берілді.