20.11.2009 ж. ақын П. Васильевтің 100 жылдық мерейтойына арналған айлық шеңберінде «Обояние могучего таланта» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Оған филология факультетінің студенттері, университет оқытушылары, ақын шығармашылығын құрметтеушілер қатысты.

Шараның мақсаты мен міндеттері: оқырмандарды жерлес-ақын П. Васильевтің шығармашылығымен таныстыру, жастарды адамгершілікке баулу, рухани жетілдіру және оқу процесіне көмек болып табылады.

Кеш жүргізушілері филология факультетінің студенттері Д. Ларионов пен А. Сидорук ақынның өмір-баянын қызықты әңгімелеп, өлеңдер оқыды.

Кеште профессор, ф.ғ.к., ЖАК доценті, васильевтанушы С.К. Шаймарданованың әңгімесі қызықты болды. Оның еншісіне 40-тан астам мақалалар, «Язык и стиль Павла Васильева» монографиясы жатады.

Шараға қатысушыларды композитор және № 9 ОБМ-нің  музыкатанушысы А.К. Амосовтың ән орындауы таң қалдырды. Тірі дауыспен орындалған «Лето», «Павлодар мой город ястребиный» және т.б. поэмасынан алынған ана туралы өлеңдердің орындалуы барлығының есінде ұзақ сақталатын болды.

Сонымен қатар кешке № 9 ОБМ-нің мектеп мұражайының жас экскурсия жетекшілері қатысты. Биыл олардың мектептегі Павел Васильев мұражайына 15 жыл толады.

Кеш ақын шығармашылығы бойынша материалдардың «Суждено мне неуемной песней в этом мире новом прозвенеть» атты электрондық тұсаукесерімен сүйемелденді.

Шараға қатысушылар кітаптар, мерзімдік басылым материалдары, ақын портреті, репродукциялар қойылған «Нет в этом мире я не гость...» иллюстрациялы-кітап көрмесін қызығушылықпен тамашалады.

Әдеби-музыкалық кешті өткізу қарсаңында ПОҚ залында студенттерге арнап П. Васильев үй-мұржайы ұсынған «Ой, и долог путь к человеку люди» деректік фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.