2009 жылғы қыркүйектің 17-сінде студенттер үйінде Рамазан айына арналған кеш «ауызашар» өткізілді.

Студенттер үйінде студенттер қызығушылығын қамтитын жатақхана кеңесі – студенттік өзін-өзі басқару органы қызмет етеді. Студенттер кеңесі студенттер үйіндегі өзін-өзі басқару жұмыстарын яғни жатақханада тұратын студенттерді қоғамдық жұмыстарға араластыру және студенттер үйінің тәрбиешісі У.Д.Жұматаевамен бірлесіп, мәдени шараларды ұйымдастыру сияқты жұмыстарды атқарады. Қабылданған жоспарға сәйкес ай сайын мәдени және спорттық шаралар, дөңгелек үстелдер, студенттер кеңесінің мәжілісі болып отырады. 

Қасиетті Рамазан айында дәстүрге сай әр отбасы ораза ұстайтындарға арнап ауызашар береді. Жатақхана студенттері де жыл сайын осы дәстүрді сақтауға тырысады.

Ауызашарға арналған барлық қаражат студенттер күшімен жиналды. Сондай-ақ барлық тағамдарды студенттер үйінің тұрғындары дайындады. Биыл ауызашар алғаш рет студенттер клубында берілді. Кешке қонақ ретінде тәрбие ісінің директоры Н.Б.Әбілшайықов, студенттер үйінің директоры Б.З.Әлкенев, студенттер үйінің тәрбиешісі У.Д.Жұматаева, молда және студенттер үйінің түлектері шақырылды. Кешке 70-тен астам адам жиналды. Алғы сөзді Студенттер кеңесінің төрайымы А. Ерланқызы  алып, жиналған қауымды рамазан айымен құттықтады.  Сөз кезегі тәрбие ісінің директоры Н.Б.Әбілшайықов, студенттер үйінің директоры Б.З.Әлкенев, студенттер үйінің тәрбиешісі У.Д.Жұматаеваға берілді. Молда «Исламмен танысу» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ осы тақырыпта фильм көрсетілді. Кештен студенттер жақсы әсер алды.

                          Cтуденттер клубы - «Ауызашар»