Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті

Факультет деканы, ПҒА академигі, ХИНА корреспондент мүшесі,  п.ғ.д., профессор Нұрбекова Жанат Құнапиақызы

Математика кафедрасы

Кафедра меңгерушісі ф.-м. ғ. к., профессор Павлюк Иван Иванович – Абай атындағы КазПИ-ң 01.01.06. – Математикалық логика, алгебра және сандар теориясы мамандығы бойынша аспирантурасының түлегі, физика-математика ғылымдарының кандидаты (1982 ж, Новосібир мемлекеттік университеті. Жалпы топтар теориясының алгебрасы).

Кафедра 10 жылдан астам математика мамандарын дайындап келе жатыр және республика мен жақын шетелдің жетекші университеттері мен ғылыми тығыз байланыста жұмыс жасайды. Кафедрада оқу ісін 20 - дан астам ғылыми – педагогикалыќ тәжрибесі мол ғалым – педагогтар жүргізеді; оның ішінде 2 ғылым докторы, 4 профессор, 3 доцент, 12 аға оқытушы. Студенттерді жаңа кредиттік технология бойынша ақпараттық технология мен компьютерлік техниканы пайдаланып оқытады.

Мамандық 5В060100  «Математика»

«Актуарлы математика» мамандығы

Кәсіптік мамандығы Математика бакалавры, Актуарий математик

Оқу: қазақ жєне орыс тілдерінде жүргізіледі. Тестілеу пәндері: оқыған тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика.

Оқу мерзімі: жалпы орта білім негізінде күндізгі оқу бөлімі  - 4 жыл.

Республикада еңбек нарығында бизнесті және саяси экономикалыќ өзгерістерді дер кезінде игере  білетін  білікті мамандар  жоғары бағаланады.

Кафедраны бітіруші мамандар мына қызметтерді игере алады: математик – программист; математик – қолданбалы математика; математик – математика пәнінің оқытушысы басқару ұйымдарының программалау менеджері, ғылыми – зерттеу институтының ғылыми қызметкері, орта кәсіпкерлік оқу орындарында және мектептерде, лицейлерде және гимназияларда математика, информатика пәндерінің оқытушылары; математик – экономист; математик – актуарий; математик – жүйелік прогаммист сақтандыру компанияларында, зейнетақы қорларында және банктерде жұмыс істей алады.

Оқу кезінде студенттер проблемалық топтарда ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізеді, студенттік конференцияларға қатысады және кафедраның  жетекші мамандары мен бірігіп, ғылыми жобалар дайындайды.

Осы жұмыстардың нәтижелері практикада қолданылады, ал студенттер өздерінің курстық және дипломдық материалдарын толықтырады. Қазақстанның атақты ғалымдары ұлттық академияның академиктері М.Өтелбаев, Т.Қалменов, проф. Н.Темирғалиев және Н.Г.Хисамиевтерді шақырып жылсайын математикалық қысқы математикадан мектеп оқуларын өткізеді.

Бакалавр – математик мамандығы бойынша бітірушілер өз мамандықтарына сәйкес жоғары және орта білім саласында, ғылыми зерттеу, өндірісті басқару, эксперименталды, болжамдық, математика экономикалық және математика актуарлық мемлекеттік қызмет саласында келешегі зор жұмысқа орналаса алады.

Бітірушілер өз мамандығы бойынша білімін магистратурада жалғастырып. Таңдаған мамандығы бойынша математика магистрі академикалық дәрежесін алып, жоғары оқу орнында оқытушы болуына құқылы.

Университетте білім беру мемлекеттік грант және келісім негізінде жүргізіледі.

 

Біздің мекен жайымыз:

Қабылдау комиссиясы: (8-3182) 67-37-73, А-132а ауд.

Дайындық курсы: (8-3182) 67-36-50

Математика кафедрасы

Ломов көшесі, 64, А1-201  каб.

e.mail: fizmat @ psu.KZ. тел. 67-36-46 (11-20)


 

Certified
by Russian Register