2009 жылдың 27 ақпанда С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханада «Зоотехния» мамандығынның студенттеріне арналған ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Т.К.Бексеитов (соавторы – ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Садыкулов Т. С.) шығарған қазақ тіліндегі «Мал өсіру және селекция» атты жаңа оқулығының презентациясы өтті.

Жаңа оқулықты талқылауда ҚР білім және ғылым министрлігінің өкілдері Б.К.Насырханова, ауылшарушылық Министрлігінің, ауылшарушылық ғылымдарының докторы М.А.Кинеев, ауылшарушылық ғылымдарының докторы, экология кафедрасының меңгерушісі У.Х Альмишев, «Зоотехния» мамандығының студенттері қатысты. Осы шараның соңында ғылыми кітахананың басшысы С.А. Исамадиева Т. К Бексеитовке ғылыми-библиографиялық бөлімі дайындаған ғалым еңбектерінің библиографиялық көрсеткішін сыйлады.