Торайғыров университетінің делегациясы Болат Нұржанов атындағы ГРЭС кәсіпорнында болып, станцияның жұмысымен танысты. Жұмыс сапары барысында кәсіпорын бойынша экскурсия ұйымдастырылды. 

 

Сонымен қатар, кәсіпорын мен Торайғыров университетінің ынтымақтастығы  бойынша мәселелер талқыланды. Білім беру, ғылыми зерттеулер, өндірістік сектор мен білім беру секторы арасында тәжірибе, біліммен алмасу сұрақтары қарастырылды. 
Университет пен өнеркәсіп орны өкілдері арасындағы осы тектес кездесулер қос сектор арасында тәжірибе мен біліммен бөлісу бойынша серіктестік қарым-қатынас орнатуға оң септігін тигізеді. Студенттер өз кезегінде болашақ кәсібі бойынша терең білім алып, түрлі үрдістермен таныса алады. Сондай-ақ, зерттеулер мен инновациялар бағытын дамытуға мүмкіндік алады.