Торайғыров университетінде «Депутат жұмысындағы заманауи саяси технологиялар: халықпен қарым-қатынастан әлеуметтік желілердегі жұмысқа дейін» атты семинар-тренинг өтті. Ұйымдастырушылар Торайғыров университетінің әлеуметтік-саяси зерттеулер институты болды. 

Семинардың негізгі қатысушылары қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, «Аманат» және «Ауыл» партияларының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ «Саясаттану» мамандығының студенттері мен магистранттары болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинардың басты мақсаты әлеуметтік желілерде сайлаушымен жұмыс істеудің тиімді құралдарын, оларды саяси процесте қолдану практикасын зерделеу, сондай-ақ семинарға қатысушылардың қоғамдық-саяси процестерге ұйымдастырушылық, әдістемелік және технологиялық әсер ету саласында жаңа теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру болып табылады.