Торайғыров университетінде қаржылық сарапшы, инвестор және сериялық кәсіпкер Батырхан Елеместің "Қаржылық сауаттылық және инвестициялар" атты ашық дәрісі өтті.

- Қаржылық сауаттылық - өз қаражатыңды басқара білу деген сөз. Біз жұмысқа неге уақыт кетіреміз? Себебі, бұл үшін ақша аламыз. Өмір=уақыт=ақша теңдеуі бар. Сонда, қаржылық сауаттылық - өмірді басқару, қаржыны басқару емес, - деп атап өтті спикер.

Сарапшы, сонымен қатар, қаржылық есеп, несие, қарыздар, ипотека және тағы басқа салалар бойынша сұрақтарға жауап берді.

Айта кетейік, @batyr_yelemes “Investudy”, “Astana Podcast Studio” қаржылық сауаттылық академиясының негізін қалаушылардың бірі, “MaxPlovCenter”,  “Batyr Leathercraft Company”, “Dream Hotel” нүктелерінің ортақ иеленушісі, сонымен қатар, “Batyrkhan Yelemes” YouTube арнасының авторы.