ToU студенттері спорттық жетістіктерге ие болуда. Біздің түлегіміз Алик Домнич грепплинг бойынша өткен ел чемпионатында қола жүлдеге ие болды. 

Бұған дейін спортшы дайындық кезеңінен өткен. Жарысты ұйымдастырушылар қатарында танымал павлодарлық спортшы Гойти Дазаев болды. 

Еске сала кетейік, Алик Домнич – Қазақстанның грепплинг және панкратион бойынша жеті дүркін чемпионы, ММА бойынша үш дүркін ел чемпионы және әлем чемпионатының бес дүркін жүлдегері. 

Қазіргі таңда ол Қазақстан құрамасында жаттығып жатыр. Спортшының талай жеңісі, алар асуы әлі алда. Алар асуы көп болсын!