Ректор Еркін Садықов бастаған университет делегациясы «Каустик» АҚ зауытына барды.

Кездесуде кадрларды даярлау - дуалды оқыту, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, сондай-ақ ЖОО қызметкерлерінің де, зауыт қызметкерлерінің де біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды. Ынтымақтастық аясында химия өндірісінің техникалық мамандары студенттерге дәріс оқиды.

- Біздің бірлескен жұмысымыз екі тарап үшін де тиімді болатынына сенімдімін. Біз осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізіп тұруымыз керек, - деді «Каустик» АҚ басшысы Ермек Тоқмағамбетов.

ЖОО мен зауыттың ынтымақтастығы академиялық және ғылыми-техникалық салалардағы өзара іс-қимылды да көздейді.