Рафаэль Вахитов тақтасының ашылуы Торайғыров университетіндегі атаулы залда өтті.

Салтанатты шара барысында Рафаэль Гайсич әуесқой-гимнастшыдан бокстан еңбегі сіңген жаттықтырушы мен ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткеріне дейінгі өмір жолы туралы айтып берді. Ақсақал жас спортшыларға батасын берді.

- Егер спортшы болуды шешсең, мерекеге, демалысқа қарамайсың. Әрдайым жаттығу керек. Еңбекпен ғана чемпион бола аласың, - дейді танымал жаттықтырушы.

Осы күні Торайғыров университетінде балаларды қорғау мерекесіне орай бокстан ашық қалалық турнирдің финалы өтті. Салтанатты кездесуге спорт ардагерлері де шақырылды. Жарыс қорытындысы бойынша университет студенттері Александр Антоненко мен Мұхаммедали Джангаргалиев жеңімпаз атанды.