Балаларды қорғау күні павлодарлық 11 кішкентай балапанның тұсауы кесілді. Танымал жетекшілер, қоғам мүшелері, журналистер мен кәсіпкерлер балғындарға ақ жол тіледі. 

Бұл керемет дәстүр Достық үйінде өтті. Шараға қатысуға облыстың түкпір-түкпірінде тұратын отбасылар келді. Олардың қатарында Аққулы ауданынан келген Есенгелдиндер жанұясы бар. Отбасындағы бір жасар балдырған Әлішердің тұсауы кесілді. 

- Мерекелік шараға қатысқанымызға қуаныштымыз. Баламыз табысты да бақытты болсын! - дейді Әлішердің анасы Назигүл Ескерілдина. 

Торайғыров университеті Басқарма төрағасының орынбасары Ертарғын Шахман павлодарлық Жәңгір Сүлейменовке ақ жол тіледі. Бүлдіршін ғалымның  жолын қуады деген сенімдеміз.