Торайғыров университетінде ашаршылық және саяси қуған-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай дөңгелек үстел өтті.  Кездесуге студенттер мен оқушылар қатысты. 

Шараны Мәшһүртану ғылыми-тәжірибелік орталығының жетекшісі, кіші ғылыми қызметкер Найля Анафина ұйымдастырды. Павлодар облыстық мұрағат директорының орынбасары Надежда Кубик, "Үштұғырлы тіл" кафедрасының меңгерушісі Айман Зейнулина, музей кешенінің директоры Гүлнар Рақымжанова және тағы басқалары қатысты. 

Надежда Кубик кеңес билігінің Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің рухани мұрасымен күресуі тақырыбына арналған баяндама жасады. Бұл мемлекеттік мұрағаттан табылған деректермен расталған. 

Онлайн-режимде кездесуге тарих ғылымдарының докторы Махсат Алпысбес, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, «Яссауитану» институтының  директоры Досай Кенжетай және Қорқыт ата ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Мөлдір Баймаханбетова қатысты. 

Шараға жиналғандар өзара пікір алмасты. Сарапшылар саяси репрессиялар және ашаршылық оқиғалары арқылы  әлеуметтік-мәдени үрдістерді зерттеуді жалғастыра бермек.