Қазақстан Республикасы педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі Еңгілік Жұматаеваның 75 жылдық мерейтойына орай шығармашылық кездесу өтті. 

Еңгілік Өсербаеваны құттықтауға достары,  әріптестері, шәкірттері келді. Олардың көбі бүгінде білім беру саласында еңбек етуде. Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов Еңгілік Жұматаеваның Қазақстандағы этнопедагогика негізін қалаған алғашқы ғалымдардың бірі екенін тілге тиек етті.

Мерейтой иесіне Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаевтың атынан жоғары оқу орнының дамуына қосқан үлесі үшін төсбелгі мен Алғыс хат жеткізілді. Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Павлодар облысы білім беру басқармасының атынан алғыс айтылды.  

Еңгілік Өсербайқызы – көп қырлылы тұлға, ғалым. 40 монография мен ондаған оқу құралының авторы. Оның еңбегі республикалық және кеңестік деңгейде еленді. Бұған көптеген марапаттар, оның ішінде «Қазақ КСР халықтық ағарту ісінің үздігі», Ы. Алтынсарин атындағы медаль,  «Ана тілі» қазақ тілі қоғамының алтын медалі, Ресей Федерациясының педагогикалық білім беру халықаралық ғылым академиясының құрметті мүше-корреспонденті болып таңдалуы, Қазақстанның педагогикалық ғылым Академиясының мүшесі болып таңдалуы дәлел бола алады.