Жуырда Сбербанк пен Торайғыров университеті меморандумға қол қойды. Оның шеңберінде академиялық және ғылыми салада серіктестік орнату көзделген.

Құжатқа қол қою шарасына банктің Павлодар қ. филиалының директоры Александр Калинин және академиялық мәселелер жөніндегі проректор Петр Быков қатысты.

Меморандумда әлеуетті қарыз алушылардың жобаларына ғылыми-техникалық сараптама жасау, әлемдік трендтерге сәйкес қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқарудың жоғары деңгейі мәселелері қарастырылған.

Александр Калинин студенттер мен оқытушыларға ESG экожүйесі бойынша дәріс оқыды. ESG – бұл  environmental, social, governance (қоршаған орта, қоғам, басқару). 21 ғасырда жаһандық бизнес экология мен адами қызығушылықты ескермей, даму мүмкін емес екенін түсінді.

Тараптар басқарушылар ұрпағын даярлау мәселесі және тұрақты даму саласындағы сараптаманы дамыту негізгі бағыттар деген пікірге келді. Бұл бағыттар ESG енгізуге байланысты проблемаларды шешуге жаңа леп береді.