Торайғыров университетінің энергетик-ғалымдары Орталық-Азия университеті серіктестігінің (UniCEN) бағдарламасы бойынша гранттарға ие болды.

Жобалар Қазақстандағы АҚШ елшілігі тарапынан қаржыландырылып, халықаралық білім беру жөніндегі Америка Кеңесі әкімшілік етеді.

Баламалы энергия көздері мен климаттың өзгеруі бағытындағы бірлескен зерттеулерді Техас университеті мен Оклахоманың Норман университеті жүргізеді.

Электр энергетикасы кафедрасының меңгерушісі Вадим Марковскийдің айтуынша, қаржыландырудың жалпы сомасы 80 мың долларды құрайды. Сонымен қатар, қос тарап оқу жоспары мен білім беру бағдарламаларын жетілдірмек. Оқу үрдісіне курсты енгізу 2022 жылдың қыркүйегінде жүзеге асырылады.