Торайғыров университетінде ІТ-мектептің салтанатты ашылуы өтті.

Жоба ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыштық даму Министрлігі, Павлодар облысы әкімдігі және  «Eurasian Resources Group» (ERG) қолдауымен жүзеге асырылды.

Мектеп белгілі бір бағытта білім береді. Тапсырыс беруші ретінде  ИТ-құзырлығын арттырғысы келетін кез келген ұйым қатыса алады.

Мектепте оқушылар, колледж студенттері, өзін өзі қамтушы азаматтар, бір сөзбен айтқанда, ІТ-дағдыларын меңгергісі келетін және біліктілігін ауыстырғысы келетін адамдар оқи алады.

Оқу форматы - офлайн және аралас

(Blended Learning). IT-мектеп заманауи компьютерлер және VR-құралдарымен жабдықталған.

Qwant, JumysBar және 10Tech танымал компаниялармен әріптестік орнатылуда. Білім алу - тегін.

Қазіргі уақытта тұрғындар арасында іріктеу өтуде. 260 адам тіркелді. Өтініштердің басым бөлігі SMM және веб-әзірлеуге қатысты болып шықты.

Бағдарлама түлектері серіктес компанияларда тағылымдамадан өтеді. Болашақта жұмысқа орналасуға мүмкіндік болады

Сонымен қатар, мектеп базасында хакатон, Skills түріндегі ауқымды шаралар мен киберспорт бойынша облыстық деңгейде турнирлер ұйымдастырылады.